контакт: 8(71837)50973 kkgp-acb@mail.kz
адрес: Павлодар қ., Лимонная көшесі, 1

Ақсу Ұлы Жеңістің 70-жылдығын тойлады.

Дата: 2015-05-26 11:17:27
Ақсу Ұлы Жеңістің 70-жылдығын тойлады.

Ақсу қаласында  Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңістің 70-жылдығын тойлау салтанатты шерумен басталды. Оны бастаған мерекелік безендірілген мотоциклистер мен автомобилдер колоннасы болды. Мерекелік шеруді 30 велоспортшылар жалғастырды, оның ішінде халықаралық, республикалық және облыстық жарыстардың жеңімпаздары болды.Бұдан әрі Өшпес полк, ТЖ бойынша бөлімінің жеке және офицерлік құрамы колоннасы,  ақ халаттағы медициналық қызметкерлер колоннасы, мектеп және колледж оқушылары қатысты.Шеруден кейін Ақсу қаласының мәдениет және демалыс саябағындағы Даңқ ескерткіші жанында салтанатты митинг өтті.

Қайтыс болғандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.Гүл шоқтары қойылды. Кешке Мемлекеттік рәміздер алаңында  Арман Хасенов пен Серік Мүсәлімовтің қатысуымен концерт өтті.  Мереке соңында Жеңістің 70-жылдығына арналған отшашу болды.