Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Жолқұдық ауылының Д А ашылды
2015ж.26.08. сағат 11.00 –де ШЖҚ «АОА»КМК-ның Жолқұдық ауылында Павлодар облысы әкімі К. А. Бозумбаевтың қатысуымен дәрігерлік амбулаториясы ашылды.
Жолқұдық ауылының ДА «Жол картасы-2020» ауыл аймағында орналасқан ФАП-тар, « 350дәрігерлік амбулаториялар», бағдарлама бойынша құрылған.Құрылыс 2014ж. басталып,2015ж. тамызайында аяқталды.2014ж.
26 қыркүйекте көлік жолдары мен құрылыс басқармасы ЖШС «Иртыш Азия» мен келісім шарт жасады. Облыс бюджетінен келісім шарттың сомасы 113680000 мың тенге құрды.
Жолқұдық ауылының Д А алғашқы медицина-санитарлық көмек көрсетеді: дәрігерге дейінгі көмек немесе квалификациялық медициналық көмек ,оның арасында кешенді медициналық қызмет көрсетеді.Амбулаторияның жалпы көлемі 350ш.м.
Амбулатория25 ересек пен баланы ауысым бойынша қабылдауға дайын. ДА ішінде келесі кабинеттер жұмыс істейді : жалпы практикалық дәрігері, дәрігерге дейінгі көмек кабинеттері,қақырық жинайтын бөлме, физиокабинет,дәрі дәрмектерді сақтайтын бөлме,изолятор,2 керуетке күндізгі стационар, акушер кабинеті, егу кабинеті, ем шара кабинеті, зертхана.
Д А заманауи медициналық құралдарымен жабдықталған :12 арналық электрокардиограф,гинекологиялық кресло, зертханалық құрал(зәр анализаторы,микроскоп,центрифуга,ауаны кептіретін стерилизатор),холестерин мен глюкозаны анықтау үшін биохимиялық эксресс анализаторлар, сәуле мен электроем аппараттары.
Жолқұдық ауылының Д А –сы 3.130 тұрғынға медициналық көмек көрсетуде: оның арасында – 1 жасқа дейін-38, 14 жасқа дейінгі балалар -636, мүмкіндіктері шектелгендер -82, ересектердің арасындағы мүгедектер-72, мүгедек балалар-10.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя