контакт: 8(71837)50973 kkgp-acb@mail.kz
адрес: Павлодар қ., Лимонная көшесі, 1

Тұмаудың алдын алу шаралары.

Дата: 2016-01-23 08:28:14

Тұмаудың алдын алу шаралары.

 

«АОА» БАҚ мониторингі бойынша

ПҚКҚ және ІБ маманы - М.К. Мұңсызова

 

         Қазақстанда тұмау мен ЖРВЖ –мен сырқаттанушылығы қаңтардың аяғы мен ақпанның басына келеді, кейін оның төмендеуі мамыр айында басталады.

Тұмаудың алдын алу ең нәтижелі әдісі – вакцинация. Республика бойынша тұмауға қарсы 1 млн. 700 мың адам егілген, бұл жалпы халық санының 10 % құрайды ( созылмалы өкпе, жүрек-тамыр, иммундық жетіспеушілік, әлсіреп қалған және жиі ауратын балалар, медициналық қызметкерлері мен жүкті әйелдер).

           Вакцинациядан басқа тұмаудан қорғану тағы да бір тәсіл бар, ол  - бейспецификалы профилактика.

Науқасты үй жағдайында оқшалау қажет, бөлмені жиі желдету, шаның сүрту, науқасқа жеке ыдыс бөліп және оны жиі тазарту қажет. Тағы да тұмаудың алдын алудың бір маңызды әдісі  - сабынмен жиі қол жуу намесе дезинфекциялық салфеткаларды қолдану, әсіресе тұмаумен ауырған  немесе науқасты күткен кезде.

Иммунитетті көтеретін азық-түлікті пайдалану қажет, олар: пияз және сарымсақ, қарақат, итмұрын, шөп қайнатпасын, ашытқан қырыққабат, цитрустарды, осының қатарында протоиндермен бай азық-түліктерді қолдану қажет. Организмның денешынықтыру жасау қажет: тамақты суық сумен шайып, қарама-қарсы душ қабылдап, бассейінде жүзу керек.

Есте сақтаңыздар, тұмау асқынумен қауіпті, сондықтан респираторлық аурулардың бірінші белгілері көрінген кезде өз бетімен емделмей дәрігерге қаралу керек.