контакт: 8(71837)50973 kkgp-acb@mail.kz
адрес: Павлодар қ., Лимонная көшесі, 1

Стационарлық көмек көрсету қағидалары

Дата: 2016-02-02 11:36:10

Стационарлық көмек көрсету қағидалары

 

 «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 94) тармақшасына сәйкес 2015 жылғы 29 қыркүйекте ҚР ДСМӘД №761 Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы Бұйрық бекітілді,

Стациоанрлық көмек көрсету тәртібі

Тәулік бойы медициналық бақылаумен білікті, мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажеттілігі емдеуге жатқызу үшін көрсетілім  болып табылады.

ТМККК шеңберінде пациентті стационарға емдеуге жатқызу :

1)    жоспарлы емдеуге жатқызу –медициналық-санитариялық алғашқы көмектің (бұдан әрі - МСАК) немесе медициналық ұйым мамандарының жолдамасы бойынша;

2)    шұғыл айғақтары бойынша – жолдаманың бар-жоғына қарамастан жүзеге асырылады.

Жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру

       Порталда  жолдаманы  тіркеумен жоспарлы емдеуге жатқызу пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдау құқықтарын есепке ала отырып, жоспарлы емделуге жатқызу күнін анықтау:
      1) МСАК-тың немесе медициналық ұйым маманының жолдамасы бойынша стационар маманы;
      2) МСАК-тың немесе медициналық ұйым маманының жолдамасы бойынша автоматты анықтау;
      3) осы стационарға пациентті емдеуге жатқызу туралы пациенттің өз бетінше жүгінуі және стационар басшысының шешімі кезінде стационардың қабылдау бөлімінің маманы арқылы жүзеге асырылады.
      ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсетуге шарт жасасқан денсаулық сақтау субъектілерінің Порталға қолжетімділігі бар. ТМККК шеңберінде меншік нысанына қарамастан медициналық көмек көрсетуге жаңа медициналық қызмет берушілермен шарт жасалған жағдайда Порталда жұмыс істеу үшін тез арада логин және пороль беру (1-2 жұмыс күнінің ішінде) жүзеге асырылады.

 

Емдеуге жатқызуды ұйымдастыру үдерісіне қатысушылар:
      1) меншік нысанына және медициналық қызметтер көрсету деңгейіне қарамастан денсаулық сақтау субъектілері;
      2) ақпараттандыру субъектісі;
      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі – денсаулық сақтау басқармалары) болып табылады. 
       Жоспарлы емдеуге көрсетілімдері болған кезде МСАК-тың немесе медициналық ұйымның маманы пациентке қажетті клиникалық-диагностикалық (зертханалық, аспаптық және функционалдық) зерттеулер (бұдан әрі - зерттеулер), бейінді мамандардың консультациясын жүргізеді.
      Барынша жоғары деңгейдегі стационарға пациентті емдеуге жатқызу кезінде жергілікті (аудандық, қалалық) деңгейде жоқ жабдықтарды қолдана отырып, зерттеулер (компьютерлік, магниттік-резонанстық томография, ультрадыбыстық зерттеулердің жекелеген түрлері және басқа) жүзеге асырылады.
      Емдеуге жатқызу күні автоматты түрде анықталған кезде нәтижелері күнтізбелік 10 күннен аспайтын мерзімдердегі зерттеулер (қанның жалпы талдауы, несептің жалпы талдауы, биохимиялық талдау, бактериялық себінді) көрсетілген мерзімдері өтіп кеткен жағдайда белгіленген емдеуге жатқызу күніне таяу қайталанады.

 МСАК ұйымында немесе медициналық ұйымда жүргізілген зерттеулерді стационарда қайта жүзеге асыру медициналық картадан негізделген көрсетілімдер бойынша және науқастың жағдайын динамикалық бағалау мақсатында жүргізіледі.
       Пациент стационарды, оның ішінде республикалық деңгейдегі медициналық ұйымды (бұдан әрі - республикалық клиника) таңдау кезінде МСАК-тың немесе медициналық ұйымның маманы оған тиісті бейін бойынша бос төсектердің бар екені туралы ақпаратты ұсынады.
      Пациент таңдаған стационарда тиісті бейін бойынша бос төсектер болмаған кезде немесе бастапқы таңдалған стационардан ол бас тартқан жағдайда таңдалған стационардың баламасы ұсынылады.
      МСАК-тың немесе медициналық ұйымның маманы пациентті таңдалған стационарға емдеуге жатқызу күні және белгіленген жоспарлы емдеуге жатқызу күнінде міндетті түрде келу қажеттілігі туралы хабардар етеді.

 

Дәлелді себептер бойынша белгіленген жоспарлы емдеуге жатқызу күніне келу мүмкіндігі болмаған жағдайда пациент бұл туралы МСАК ұйымын, медициналық ұйымды немесе стационарды хабардар етеді. Стационар емдеуге жатқызу күнін бір тәуліктен аспайтын мерзімге ауыстырады.

 

Шұғыл емдеуге жатқызу тәртібі

       Шұғыл жағдайларда пациент стационарға медицина қызметкерінің алып жүруімен медициналық ұйымның, жедел медициналық көмек станцияларының (бөлімшелердің) санитариялық автокөлігімен және санитариялық авиациямен немесе өз бетінше жүгінген жағдайларда жеткізіледі. Жекелеген жағдайларда пациенттерді ішкі істер органдарының қызметкерлері немесе азаматтар жеткізеді.
       Стационардың қабылдау бөлімшесіне шұғыл емделуге жатқызу мақсатында қабылдау бөлімшесінің жауапты дәрігері (кезекші) келіп түскен пациенттерді шартты түрде 3 ағынға бөледі:
      1) 1-ағын - қиын жағдайдағы науқастарды қамту басымдылығының жоғары ұзақ дәрежесіндегі пациенттер; қан кетулері бар шоктың барлық түрлері, шокқа қарсы, операциялық палаталарда тез арада емдеу-диагностикалық іс шараларды жүргізуді талап ететін жүрек-тамыр, өкпе, бауыр, бүйрек функцияларының белгілері бар коматоздық жағдайдағы пациенттер;
      2) 2-ағын - стационарлық емдеуді қажет ететін жіті хирургиялық, урологиялық, травматологиялық, гинекологиялық, неврологиялық және терапиялық аурулары бар, бірақ жалпы жағдайы стационарлық жағдайларда диагнозды нақтылау мен саралау және тексеріп-қарау мен емдеудің одан арғы тәсілдерін шешу үшін қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді;
      3) 3-ағын - одан әрі амбулаториялық емдеуге жіберілетін диагнозы анықталғанға дейін қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шараларын жүргізуді талап ететін басымдылықтың екінші деңгейіндегі пациенттер.

 

«АОА»емханасының емдеу-алдын алу жұмысы жөніндегі

бас дәрігердің орынбасары – А.М.Байғалиева