
Педагогтардың аудандық конференциясы
Дата: 2014-08-27 17:55:16
Тамыздың 27 күні Ақтоғай ауылында аудан педагогтарының дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Конференцияға арналған баяндаманы аудан білім бөлімі басшысының м.а. О.А, Кунакова жасады. Конференцияда "Салауатты өмір салтын қалыптастыру - өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуының негізі" тақырыбында орталық аудандық аурухананың салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі дәрігері Ғ.Ж. Алин баяндама жасады.