контакт: 8(71841)21579 aktogai_crb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101

Вирусты гепатит

Дата: 2014-08-28 08:49:24

 Вирустық гепатиттер - кең тараған және адамға қауіпті жұқпалы аурулар тобы, олардың бір бірінен айырмашылығы әжептәуір, әртүрлі вирустармен қозады, бірақ бәріне ортақ белгі - бірінші кезекте адамның бауырын залалдайды және оны қабындырады.

       Сондықтан әр түрлі гепатиттер көбінше  «сары ауру»  (аурулардың көбіне ортақ кең тараған белгісі) деп аталады. Сары аурудың эпидемияларын біздің дәуірден бұрын Vғасырда Гиппократ сипаттаған, ал гепатиттің қоздырушысы тек өткен ғасырдың ортасында ғана ашылды. «Гепатит» деген ұғым қазіргі медицинада тек қана дербес ауруларды ғана белгілемейді, ол бүкіл ағзаға жалпылама тиетін патологиялық процесстің компоненттерінің бірі. Гепатит, яғни бауырдың қабынуы сары ауру қызбасының,қызамықтың, ұшықтың, ЖҚТБ және кейбір басқа аурулардың белгісі болуы мүмкін. Сонымен қатар, уланудан болған гепатит бар, мысалы, ішімдіктің салдарынан бауырдың зақымдануы.

        Вирусты гепатит ішек-қарынның жіті ауруларына жатады. Сау адамға тек науқас адам арқылы жұғады.

Гепатиттің тарауына үлкен себепші – ол вируспен залалданған су. Халық ауызсу ретінде және шаруашылыққа пайдаланып отырған ашық су қоймалары да бұған себепші болады. Мұндай жағдайлар су құбырларын жөндеген кездері вируспен залалданған судың су желісіне еніп кетуі арқылы бой алады.

         Гепатит вирусы адам ағзасына түскен кезде 10-45 күн бойына, яғни инкубациялық кезеңде аурудың ешқандай белгілерін көрсетпейді. Ол әр түрлі түрде дамиды. Науқас адамдар ішінің бұрап ауыратынын, іштің оң жақ бөлігі мен ұйқы безінің тұсы ісініп тұратынын, іші кеуіп кететінін, тәбетінің төмендейтінін, майлы тамаққа қарай алмайтындықтарын, жүрегі айнып, кейде құсатындарын және шамалы іш өту мен іш жүрмейтін кездері болатынын айтады. Сондай-ақ ауыздарына запыранның дәмі келіп, зәрлерінің түсі қошқылданады. Кейінірек нәжісінің де түсі өзгереді: оның түсі ағарып, сарғылт сұр түске боялады, саз іспетті болады. Осы бастапқы кезеңінде-ақ тексеріс барысында бауырының көлемі ұлғаяды, кейде көкбауыры да үлкейеді.

         Ауру басталғанына 7-12 күн болғанда адамның терісі сарғая бастайды. Көз аққабығы, таңдайы, одан кейін кеуде тұсы мен қарын, одан кейінірек бетінің, аяқ-қолының терісі сарғаяды.

Вирусты гепатитті жұқтырмау үшін үй ішін таза ұстау керек. Азық-түлікті төменгі температурада, жақсылап орап сақтау керек, жеміс-жидекті жақсылап жуып жеу керек, тамақты дұрыс пісіріп, дұрыс қуыру керек.

Жаппай ауырып қалмау үшін суды үнемі қайнатып ішу керек, не үлкен ұжымдық ұйымдарды: бала бақшаларды, мектептерді және т.б. сумен дұрыс қамтамасыз ету керек. Вирусты гепатиттің алдын алудың мынадай қарапайым тәртіптері бар: дәретханадан кейін, тамақ ішер алдында үнемі қол жуу және тырнақты тазалықта ұстау. Себебі вирусты гепатитті «лас қол ауруы» деп бекер айтпаған болар.

Қазіргі заман жағдайларында «А» вирусты гепатитінің алдын алудың арнайы шаралары қолданылады. «Аваксим» вакцинасы 2 жастан бастап қолданылады. Қолданудың сызба-нұсқасы бойынша бұл вакцина арасына 6-18 ай салып қолданылады, ол «А» вирусты гепатитінен 10-20 жыл бойы 95-100% сақтануға кепіл береді.

       Бір рет егілетін екпе 2 аптадан кейін-ақ егілгендердің вирусқа қарсы иммунитетін көтеріп, «А» гепатитінен 1,5 жылға сақтандырады.Сондықтан егілуден бас тартудың қажеті жоқ!

      Сіздің денсаулығыңыз – сіздің қолыңызда!

 

Ақтоғай ауданының терапевті Рахимжанова Г.А