контакт: 8(71841)21579 aktogai_crb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101

"Денсаулық фестивалі - 2014"

Дата: 2014-09-08 07:51:28

Қыркүйектің 6 күні Ақтоғай орталық алаңында "Белсенділікпен жүзжылдығымызды атап өтеміз" девизімен "Денсаулық фестивалі" өткізілді. Денсаулық фестиваліне аудан орталығындағы мектептердің оқушылары, мемлекеттік және азаматтық қызметшілер, білім және денсаулық сақтау қызметкерлері, ұйымдар мен кәсіпорындар, жастар және ардагерлер өкілдері, сондай-ақ, XVII облыстық спартакиада чемпиондары шақырылды. Фестивальдің салтанатты ашылуында қатысушылардың алдында аудан әкімі С.Б. Батырғұжинов құттықтау сөз сөйледі. Бұдан соң флеш-моб түріңде ертеңгілік жаттығулар жасалынды. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі оқушылары өнер көрсетті. 19-ға дейінгі, 20-ға дейінгі жастағылар және 31-ден 40-қа дейінгі, 41-ден 50-ге дейінгі және 51-ден жоғары жас санаттары бойынша президенттік қашықтыққа жүгіру ұйымдастырылды. Фестиваль соңында жеңімпаздар Құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапатталды. Мереке кезінде медициналық қалашық жұмыс істеп тұрды, онда барып артериалық қан қысымдарын, салмақтарын, бойларын, қандағы қант мөлшерін өлшеткісі келген, медициналық сұрақтарына жауап, терапевт, гинеколог, окулист, маман-дәрігерлерден кеңестер алғысы келген адамдар өте көп болды. "Денсаулық фестиваліне" қатысушылардың барлығы жоғары қуат, оңда көңіл-күй және адреналин алды. Ауданның басқа ауылдарында да бұл күні денсаулық фестиваліне арналған түрлі іс-шаралар өтті, оған әртүрлі жастағы тұрғындар қатысты.

 

Ғ.Ж. Алин СӨСҚО дәрігері