
"Медициналық қызмет ардагерлеріне құрмет"
Дата: 2014-09-25 14:46:03
Қыркүйектің 25 күні С.Мүткенов атындағы ОМ-те мектеп директоры Ә.С.Ахметшаихов, Ақтоғай ОАА кәсіподақ ұйымы және СӨСҚОБ медициналық қызмет ардагерлері - Р.А.Қайыргелдиновамен, Л.Н.Котовамен кездесу өткізді. Кездесу барысында оларға сұрақтар қойылып, ардагерлер оған жан-жақты жауаптар қайтарды, олар өздерінің өмірлік және еңбектегі тәжірибелерімен бөлісті, Ардагерлерді бас дәрігердің атынан, Құрмангалиева Г.Ғ. бас дәрігердің орынбасары құттықтады. Кездесу соңында ол кісілердің құрметіне мектеп оқұшыларының күшімен дайындалған концерттік бағдарлама ұсынылды.