контакт: 8(71841)21579 aktogai_crb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101

"Жүрек күні"

Дата: 2014-09-26 17:01:36

Қыркүйектің 26 күні Ақтоғай ауылының орталық сауда алаңында Бүкіләлемдік Жүрек Күніне орайластырылған  «Өз артериялық қан қысымыңызды біліп алыңыз» атты акция өтті. Бүкіләлемдік Жүрек Күнінің девизі – «Сау жүрек  пайдасына таңдау жасаудың еш қиындығы жоқ!  Жүрегіңіздің сау болуын таңдаңыз!» болды. Осы күні «жүрек қағысын» Балалардың өнер мектебінің  шәкірттері өз билерінде көрсетіп, концерттік бағдарлама ұсынды. Акцияда қан айналымы жүйесінің  аурулары  профилактикасы  әдістері туралы халықтың ақпараттылығын арттыру үшін, қалауын білдірген  әр адамның артериялық  қан қысымы өлшеніп, ақпараттық-ағартушылық материалдар таратылды.

  Автор СӨСҚОБ