контакт: 8(71841)21579 aktogai_crb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101

"ЖРВЖ, тұмау және пневмокок жұқпасының алдын алу үшін оларға қарсы күрес айлығы"

Дата: 2014-10-09 15:19:39

Осы  айлық аясында, қазанның 7-сі күні, орталық  аудандық аурухана дәрігерлері – Ш.Самарова, ОАА отбасылық салауатты өмір қалыптастыру орталығының дәрігері  Ғ.Алин  аудан орталығындағы М.Қайырбаев атындағы орта мектеп оқушылары және олардың ата- аналары арасында семинар өткізді. Оған аудан тұтынушылар құқығын қорғау бөлімінің қызметкері Л. Тебякина қатысты, аталмыш адамдар жиналғандарға жұқпалы аурулар, олардың пайда болу көздері, ауру жұқтырудан  сақтық шаралары және олармен  күрес туралы тұшымды әңгімелер, пайдалы кеңестер айтты.