контакт: 8(71841)21579 aktogai_crb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101

Ақтоғай ОАА-да мамырдың 1-31 аралығында Дүниежүзілік «Темекісіз өмір» күніне орайластырылған темекі шегу профилактикасы және шектеу жөнінде айлық өткізілді.

Дата: 2015-06-02 11:23:43
Ақтоғай ОАА-да мамырдың 1-31 аралығында  Дүниежүзілік «Темекісіз өмір» күніне орайластырылған темекі шегу профилактикасы және шектеу жөнінде айлық өткізілді.

Осыған байланысты Ақтоғай ОАА, Қайырбаев ОМ-де медициналық, әлеуметтік қызметкерлері, психологтары, педагогтары және мектеп оқушылары үшін «Темекі профилактикасы» тақырыбында семинар-тренингілер өткізілді, дәрістер оқылды. «Тәуекелдің мінез-құлық факторлары мектебінің» жұмысы жандандырылды, поликлиникада дәрігер-нарколог, СӨС дәрігері, әлеуметтік қызметкерлердің консультациялары түрінде темекі шегуді тастаймын деген адамдаға көмек көрсетілді.

Бұл іс-шаралардың мақсаты – халықтың темекінің денсаулыққа зияны туралы ақпараттылық  деңгейін көтеру, олардың темекі шегудің денсаулықты бұзатыны туралы хабардар болуына және күш-жігерін темекі шегуді азайтуға бағыттайтын іс-қимылға жұмылдыру, салауатты өмір салтына дағдыландыру, өз денсаулықтары үшін азаматтық жауапкершіліктерін арттыру және заңдарды орындауға үйрету болып табылады.