
Жаңа Жыл мерекесі!
Дата: 2016-01-13 09:55:33

2015 жылғы желтоқсанның 30 күні аудандық мәдениет үйінде Ақтоғай орталық аудандық ауруханасы қызметкерлерінің балаларына арналған "Қош келдің Жаңа жыл!" атты ертеңгілік өтті. Балаларға арнап, мәдениет үйінің ұжымы мерекелік бағдарламасын ұсынды. Барлық ұжымды және балаларды Ақтоғай ОАА бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Г.Ғ. Құрманғалиева марапаттады Жүздерін қуаныш кернеген балалар ән салып, би билеп, тақпақ айтып кәсіподақ ұйымының сыйлаған сыйлықтарына қуанды.