контакт: 8(71841)21579 aktogai_crb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101

Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара

Дата: 2016-06-22 09:19:57
Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара 2016 жылғы 17 маусымда аудандық мәдениет үйінде медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Салтанатты іс-шарада құттықтау сөзімен аудан әкімі Серік Барлыбайұлы Батыргужинов қатысты, ол Ақтоғай ауданының денсаулық сақтау қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап еңбек ісінде үлкен табыстарға жетуін тіледі. Адал еңбегі және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін алғыс хатымен офтольмолог дәрігер – Мәдинә Әнуарбекқызы Сабырованы, сондай ақ, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Ақтоғай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының мадақтама қағазымен Жанабет ауылының МП мейірбике – Райхан Қабжановна Нұрахметованы, кадр маманы – Динара Серікбайқызы Болатбаеваны және жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі – Серік Манайұлы Қайырбековты мараппаттады Медицина қызметкері күнін мерекелеуіне байланысты Ақтоғай ауданы мәслихатының хатшысы Жанат Шұғайұлы Ташенов сөз алып, сондай ақ Ақтоғай ауданының денсаулық жүйесінде көп жылғы адал еңбек сіңіргені үшін аудандық мәслихат хатшысының мадақтама қағазымен дерматолог дәрігерінің мейірбикесі Марғұма Камелқызы Әубәкірова марапатталды Құттықтау және тілек білдіру сөзімен Ақтоғай орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Амркан Айдарханович Тургульдинов сөз алды, ол өз кезегінде медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбекте жетістікті, шыдамды болу және тек қана жақсылық тілеп денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне мадақтама қағаздар мен сыйлықтарды табыс етті. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының атынан алғыс хатпен Әуелбек ауылының ДА жалпы тәжірибелік дәрігері – Баян Темірболатқызы Сағитова, босану бөлімінің акушері – Бибігүл Ахметжанқызы Тұрсынова марапатталды. Облыстық медициналық қызметкерлер кәсіподақ ұйымы төрағасының атынан терапевт дәрігер – Сейл Темірбек, Жолболды ауылының МП мейірбике – Көгершин Еркинқызы Мұстафина құрмет грамотасына ие болды. Сонымен қатар Ақтоғай орталық аудандық ауруханасының бас дәрігерінің алғыс хатымен мараптталғандар:
  1. Қабылдау бөлімінің мейірбикесі Жәзирә Алтынбекқызы Әкімжанова
  2. Жалпы тәжірибелік дәрігерінің № 1 учаскелік мейірбикесі Феруза Мырзағалиқызы Қайырбаева
  3. Хирургиялық бөлімінің санитары Хибат Асқарқызы Үсенова
Салтанатты жиналыстан соң Мәдениет үйі қызметкерлерімен дайындалған мерекелік концерт өтті.   DSC_0163DSC_0161DSC_0191DSC_0151