Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды еңгізу туралы
Дата: 2016-07-04 08:36:42
2016 жылғы 29 маусым күні ОАА мәжіліс залында "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды еңгізу" тақырыбына семинар болып өтті. Семинарды "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" РММ басшысы Д.М.Казангапов жүргізді. Семинарға ОАА дәрігерлері, медициналық қызметкерлері және ДА аға дәрігерлері шақырылды. Қатысқандар саны - 58 адам. Өзінің сөзінде Д.М. Казангапов жалпы айтқанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) деген не, МӘМС-ды еңгізудің қажеттілігі неде, Қазақстан Республикасындағы МӘМС жүйесі қалай жұмыс істейді, ҚР азаматы "сақтандырылғанын" қалай білуге болады, ТМККК шеңберіндегі МӘМС жүйесінің қандай қызметтері бар және тағы басқа да сұрақтар. Емдеу ісі жөніндегі бас дәрігердің орынбасары Г.Ғ. Құрманғалиева МӘМС жүйесі Қазақстан Республикасында 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап еңгізілетінін және бұл семинар басшылар арасында облыс деңгейінде өткенін айтты.