контакт: 8(71841)21579 aktogai_crb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101

Сібір жарасының алдын алу жолдары

Дата: 2016-07-15 07:14:58
Сібір жарасының алдын алу жолдары Көршілес Ертіс ауданының тұрғындары Сібірлік жара ауруына шалдығып, тіркелуіне байланысты, Ақтоғай ауданында эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілуде. 2016 жылғы шілденің 14 орталық аудандық аурухананың мәжіліс залында ОАА, ДА және МП медициналық қызметкерлері үшін ТҚҚБ бөлімімен бірлесіп, “Сібір жарасының алдын алу жолдары” тақырыбына семинар өтті.   20160714_103016 20160714_103001 20160714_102934            

Абайлаңыздар «Сібір жарасы»!

Сібірдің батыс губернияларында осы жұқпаның ірі эпидемияға айналып таралуына байланысты, ауру сібір жарасы(түйнеме) деген атқа ие болды. Сібір жарасының қоздырғышы – бацилла антрацис. Сібір жарасының қоздырғышы етті ортада жақсы өсіп өнеді. Сібір жарасының бактериялары организмнен тысқары жерде ауадағы оттегі жеткілікті болғанда споралар құрып, соңынан өте жоғары температураға, кептіріу және дезинфекциялау заттарына төзімділік танытады. Спорала бірнеше жылдар бойы сақталады, ауру малдың кіші дәреті арқылы және басқа бөлінетін заттар жұқтырылған жайылымдар көп жылдар бойы сібір жарасының спораларын сақтайды. Сібір жарасының споралары тура түскен күн сәулесіне 10-15 тәулік бойы шыдайды. Сібір жарасының қайнар көзі: адам үшін сібір жарасының қайнар көзі шөпқоректі жануарлар, оның ішінде мүйізді ірі қара және ұсақ мал, жылқы, түйе, қойлар, бұғылар, ешкі және шошқалар болып табылады. Жануарларда жұқпа үдерісі жіті дамитындықтан және осы аурудан олар жиі өлетіндіктен, қоздырғыш резервуары малмен контраминделген топырақ, ең бастысы мал өлекселері көмілген жер болып табылады (ауру мал тұрған және жануарлардың кіші дәретімен және бөлінетін басқа заттармен зақымдалған). Сібір жарасының берілу жолдары: адамға сібір жарасы қоздырғышы ауру малмен, оның өлексесімен, малдың жұқпа жұқтырылған шикізатымен тікелей қатынаста болғанда, сондай-ақ, топырақтағы контраминденген қоздырғыш арқылы беріледі. Адам көбінесе қоздырғыш көзімен тікелей қатынаста болғанда (малды күту және т.б.), немесе кейбір берілу факторлары (тері, жүн және т.б.), яғни зақымданғансыртқы қабатқа (тырналған, сүрілген, кесілген жарақаттарға) сібір жарасы бациллалары түскенде ауру жұқтырады. Кей кездері адамдар жермен жұмыс істеген кезде ауруды қоздырғыш контраминделген топырақ арқылы жұқтырады. *термоөңдеуден жеткіліксіз өткізілген ауру жұқтырылған ет және ет өнімдерін пайдаланған кезде сирек болса да ауру жұқтырған жағдайлар кездеседі. *сібір жарасын аэрозоль (ауа-шаң жолдары) арқылы да жұқтыру мүмкін. Бұл споралардың жұқпа жұқтырылған құрғақ мал шикізаттары – жүн, қылшық, тері т.б.өңдеумен байланысты әртүрлі технологиялық үдеріс кезінде ауаға түсуіне байланысты. Қырғи-қабақ соғысы кезінде жұқтырудың бұл тәсілі (Bacillus antharacis спораларынан жасанды жолдармен аэрозоль жасау) айрықша тиімді болып есептелген. *Бастапқы топырақтағы ошақтар мал жайылымдарындағы, қорада күтілетін ауру малдардан бөлінетін заттар және мал өлекселері көмілген көмбелерден және т.б.пайда болады. Адам ағзасына сібір жарасы қоздырғышы енетін жер – әдетте жарақаттанған тері болып табылады. Сирек жағдайда бацилла тыныс алу және асқазан-ішек жолдарының кілегейлі қабығы арқылы енеді. Қоздырғыш енген теріде күйдіргі көршиқаны, сарысу-геморрагиялық қабыну ошағы сол жерге жақын жатқан тіндердің өлеттенуі және ісуі және өңірлік лимфа бездерінің ауруы пайда болады. Малдардың сібір жарасымен ауыруы маусым-қыркүйек айларында – олар жайылымда жүретін кезде сібір жарасының топырақтағы ошақтарына жанасу кезінде күрт өседі. Медицинада сібір жарасының үш түрі анықталған: Кәсіби-ауыл шаруашылығы сібір жарасы түрі қоғамдық мал шаруашылығымен айналысатындарда (шопандар, бақташылар, ветеринар және зоотехника мамандары және т.б.) байқалады. Бұл жерде жиі жағдайда жұқтыру қарым-қатынаста болу жолымен болады. Кәсіби-индустриялық сібір жарасы түрі адамдардың оны өнеркәсіптің кей саласында – тері, тон тігу, жүн өңдеу, қылшық өндірісінде, жою жүзеге асырылатын мал шаруашылығы өнімдерін технологиялық өңдеу (жинау, сақтау, тасымалдау, тарау және т.б.) үдерісімен айналысу кезінде жұқтыруымен сипатталады. Егер кәсіби-ауыл шаруашылығы сібір жарасы түрімен ауырғандар негізінен вегетативті формада жұқтыратын болса, кәсіби-индустриялық сібір жарасы түрімен адамдардың ауыруы қоздырғыш споралары арқылы жұқтырылатынында. Кәсіби емес (кездейсоқ-тұрмыстық) сібір жарасы түрі қоғамдық немесе жеке сектордың ауыл шаруашылығы жануарларымен, өлекселерімен және түрлі мал өнімдерімен қатынасқан адамдарда байқалады. Сібір жарасымен ауыру көбіне ауылды жерлерде, ер адамдар арасында басым болады. Сібір жарасымен кез келген жастағылар ауырады. Сонымен бірге көбіне 20-дан 50 жасқа дейінгілер көбірек ауырады, себебі осы жас тобындағылар малға жиі жақындайды, мал өнімдерімен, шикізатпен жиі жұмыс істейді. Зертханалық жұқтыру жағдайлары мәлім. Сібір жарасын жұқтыру тәуекел факторлары мыналар болып табылады: мамандықтар (шопандар, бақташылар, зооветеринар саласы, тері өнеркәсібі мамандары және т.б.), сібір жарасы бойынша қолайсыз стационарлық аумақтарда (мал өлекселері көмбелері бар) өмір сүру. * Сібір жарасының инкубациялық кезеңі адамда бірнеше сағатқа созылады, бірақ, кейде 8 күнге дейін созылады, ең жиі кездесетіні – 2-3 күн. *Ауру оқшауланған (тері және вицеральды) немесе генералиді (септикалық) формада өтуі мүмкін. Жұқпа кірген жерде біртіндеп дақ, папула, везикула, ойық дами бастайды. Ешқандай ауырмайтын жәндік шаққанға ұқсас 1-3 мм диаметрлі қызғылт-көкшіл түсті дақ бірнеше сағаттан соң мыс сияқты сарғыш қызыл түсті папулаға айналады. Сол жер қышиды және күйдіріп аши бастайды. 12-24 сағаттан соң папула ішіне сұйық толған 2-3 мм диаметрлі томпақ болады, ол біраздан соң қарайып, қанға айналады. Томпақ қасыған кезде, немесе өздігінен жарылады, оның орнында шеті көтерілген, сарысу-геморрагиялық бөлінген түбі қою қоңыр түсті жара пайда болады. Бір тәуліктен соң жара диаметрі 8-15 мм-ге жетеді. Өліеттену салдарынан жараның ортаңғы бөлігі 1-2 аптадан соң ауырмайтын қатты қара струпқа, оның жан-жағы қызыл түсті қабынған валикке айналады. Адамдарды жоспарлы вакцинапрофилакткалау жүргізіледі: * Сібір жарасына қарсы екпе жасауға: * сібір жарасының қоздырғыштарының тірі жыныстарымен, жұқтырылған зертхана жануарларымен жұмыс істейтін немесе қоздырғыш жұқтырылған материалдарды зерттеуші адамдар; *зооветеринар қызметкерлер және малды сояр алдында кәсіби айналысатын, сондай-ақ, союшы, мал етін бөлуші, терісін сыпырушы адамдар; *мал өнімдерінің шикізаттарын жинаумен, сақтаумен, тасымалдаумен және бастапқы өңдеумен айналысатын адамдар. Сібір жарасына қарсы вакцинациялау тірі сібір жарасы вакцинасымен жасалынады.