Ана сүтімен емізу-жай тағамдардан маңызды
Дата: 2016-08-11 03:00:12

Республикада Ұлттық ана сүтімен қоректендіру апталығы бойынша онкүндік шеңберінде денсаулық мектептерінде (отбасын жоспарлау мектебі, болашақ аналар мектебі) лекциялар, сауалнамалар, тренингтер және т.б түрінде өткізілді. Аталған тақырыпта әртүрлі бейнероликтер көрсетілді, сонымен қатар, ақпараттық-білімдік материалдары таратылды. Сондай-ақ ағымдағы жылдың 2 тамызында ОАА мәжіліс залында «Ана сүтімен емізу-жай тағамдардан маңызды» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты: - болашақ ананы табиғи емізуге дайындау - ана сүтімен емізудің физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерімен таныстыру - баланы емізудің дағдысын қалыптастыру және түсінік беру 1. Гинекологиялық кабинеттің акушері С. Укибаева сөз айтты. Ана сүтімен емізу кезіндегі әйелдер тап болатын қиыншылықтары мен проблемалары жөнінде айтып өтті және көптеген сұрақтарға жауап берілді, олар: - ана сүтімен емізуді қай жаста тоқтату керек? - мұны ана және сәби үшін зиянын тигізбей, барынша жұмсақ жасау - қандай жағдайда емізуді шұғыл түрде тоқтату керек Баланы ана кеудесіне дұрыс салу, емізу кезіндегі дене тұрысы, ана сүтімен емізудің көптеген қиыншылықтарына еркше назар аударылды. 2. ОАА психолгі Г.Макимова болашақ аналарға арналған «Ана сүтімен емізу қызығы!» атты психологиялық тренинг өткізді.