контакт: 8(71841)21579 aktogai_crb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101

Өмір салтын тұрақтандыру және зиянды әдеттермен күресу – гипертонияны алдын алудың негізі

Дата: 2016-08-17 08:36:05
Өмір салтын тұрақтандыру және зиянды әдеттермен күресу – гипертонияны алдын алудың негізі Артериялық гипертензияны алдын алудың екінші аспектісі – гиподинамиямен күрес (дене белсенділігінің төмендеуі). Қазіргі ғылыми-техникалық даму адамның аз қимылдауына әкеп отыр. “Денсаулық қадамдары” сым, басқару пульті, сымсыз байланыс т.б. алмастырылып жатыр. Тіпті медицинада “отырып өлу синдромы” термині пайда болды, бұл аз қозғалудың қауіптілігі және оның адамға тигізетін зардабын жобалайды. Мұны болдырмау үшін өзіңді ауыр жаттығулармен қинаудың қажеті жоқ, оның орнына бірнеше жеңіл жаттығулар жасасаңыз болғаны. Одан да жеңілі – троллейбуспен жүрудің орнына, үйге қарай екі-үш аялдама жаяу жүрсеңіз болады. Әр адам өз бұлшықеттерін жаттықтыруға көп тәсіл табуға болады, ең бастысы ерік күші және сау болуға ынталану керек.
Документ Microsoft Word (3)