контакт: 8(71841)21579 aktogai_crb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101

Ақтоғай орталық аудандық ауруханасының ғимаратына дәрігер М.Б. Марденовтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды

Дата: 2016-09-05 01:55:12
Ақтоғай орталық аудандық ауруханасының ғимаратына дәрігер М.Б. Марденовтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды Ақтоғай орталық аудандық ауруханасының ғимаратына дәрігер М.Б. Марденовтың құрметіне мемориалдық тақта орнатылды 2016 жылғы тамыздың 28 күні Ақтоғай ауылында, емдеу ісінің үздігі, еңбегі елге танымал азамат Мағауия Баймұхамбетұлы Марденовтың құрметіне орнатылған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы болды. Ескерткіш тақта Ақтоғай орталық аудандық ауруханасының ғимаратына орнатылды. Еңбегі елге танымал болғандықтан аурухана орналасқан көшені де осы кісінің құрметіне аталған болатын. Салтанатты шараға аудан әкімі Серік Барлыбайұлы Батырғужинов және Мағауия Баймұхамбетұлының жұбайы мен балалары, ағайын-туыстары, қызметтес достары қатысты. Салтанатты жиында Ақтоғай ауданының әкімі Серік Барлыбайұлы Батырғужинов Мағауия Баймұхамбетұлы медицина саласын дамытуға зор үлес қосқан Ақтоғай ауданына танымал азаматы, орталық аурухананы салу жұмыстарына ұйытқы болуымен қатар, білікті маман, басшы болған - деп, атап айтты. Шара барысында Мағауия Баймұхамбетұлының ағасы еліміздің құрметті азаматы генерал Жүкен Баймұхамбетұлы Марденов Біздің арамыздан ұмтылып медицина саласы бойынша жұмыс жасаған бірегей тұлға осы Мағауия ініміз. Бұл біздер үшін мақтаныш. Жүрген жерімізде айтып жүреміз. Халқы да оны қадірлейді. Бүгін жиналған қауым осының дәлелі. – деді ағамыз. Медицина саласының ардагерлері атынан Орынбаева Асия Еңбек жолымды Мағауия ағамен бірге бастаған болатынмын. Мағауия Баймұхамбетұлы екі мыңнан астам операция жасаған болатын, кейбіреулері әлі күнге дейін бірегей болып саналады. Денсаулығы қалпына келтіріп, өмірін сақтағаны үшін көп науқастар осы ағамызға қарыздар екенін айтып толассыз алғыстарын әлі күнге дейін білдіріп отырады – деп айтты Білімділігі мен еңбекқорлығының арқасында ел-жұрттың алғысын алған Мағауия Баймұхамбетұлының рухы осылайша құрметке бөленді. 20160828_10124920160828_10183920160828_11010020160828_11172520160828_11153320160828_11243820160828_11245120160828_113026