Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Денсаулық фестивалі - 2016
Дата: 2016-09-19 08:37:39
2016 жылғы 17 қыркүйек күні Ақтоғай ауданында өткізуді әдет қылдырған салауатты өмір салтын ұстануға бағытталған «Денсаулық фестивалі 2016» болып өтті. Мерекенің басты мақсаты – тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Мерекелік жиында аудан әкімі Батырғұжинов Серік Барлыбайұлы сөз алып, салауатты өмір салтын ұстануды тілге тиек етті. Дендерімізге саулық, отбасыларымызға амандық тіледі. Таңғы жаттығудан кейін Ақтоғайлықтар жүгіру жолағына қарай барып, жүгірудің жалпы ережелерімен танысты. Әрбір қатысушы өзінің салмағын, бойын, қан қысымын, қандағы холестерин және қант деңгейін анықтау үшін денсаулық бұрышы ұйымдастырылды.