Кәмелетке толмағандардың құқығы тапталмасын.
Дата: 2016-10-18 03:10:38

2016 жылғы 5 қазан күні Қашыр ауданының орталығы Тереңкөл ауылында облыстың 4 ауданы – Ақтоғай, Ертіс, Қашыр және Железин аудандарының прокуратура қызметкерлерінің семинары өтті. Семинардың тақырыбы: «Кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа итермелейтін қылмыстық құқықбұзушылыққа қарсы тұру және алдын алу жөніндегі шаралар туралы» болды. Аталмыш шара жұмысына Павлодар облысы прокурорының көмекшісі Е.Е. Дүйсекенов, облыстық прокуратураның 2-бөлімі бастығының орынбасары А.О.Қасым-Алин, аталмыш төрт ауданның прокурорлары, аудан әкімдеренің орынбасарлары, құқық қорғай органдары, білім беру және денсаулық сақтау өкілдері қатысты. Ақтоғай, Ертіс, Қашыр және Железин аудандарының прокурорлары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, құқыққорғау органдары, білім беру, денсаулық сақтау саласы өкілдері баяндама жасады. Олар мәселеге қатысты өз аудандарында, сала қызметтерінде қандай жұмыстар атқарылып жатқанынан семинарға жиналғандарды хабардар етті. Біздің ауданнан мәселе бойынша аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Г.Ғ. Құрманғалиева баяндама жасады. Аудандағы кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық зорлық жасаудың алдын алу бойынша атқарылып жатқан істерден мағлұмат берді. Баяндамалар тыңдалып болған соң семинарға қатысушылар өзара пікір алысып, тәжірибелермен бөлісті. Аса маңызды бұл жұмысқа ҮЕҰ-ды да тарту қажеттілігі сөз болды.