контакт: 8(71841)21579 aktogai_crb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101

Өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығулар

Дата: 2016-10-18 03:23:48
Өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығулар 2016 жылғы 17 қазан күні Ақтоғай орталық аудандық ауруханасында өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығулар өтті. Тактикалық ойынға сәйкес, өрт ғимараттың ас үйінде болды. Қызмет көрсетуші персонал мен науқастардың өміріне қауіп-қатер төнгендей болды. Объектінің әкімшілігі өрт қауіпсіздігі жөнінде хабардар етіп, аурухана қызметкерлерінің көмегімен науқастарды эвакуациялады. Эвакуацияланған науқастар жөнінде әкімщіліктің іс-әректтері бойынша хабар беріліп, келген өрт қорғау қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Дайындық кезінде және өрттік-тактикалық жаттығуларды өткізу кезінде мынадай мақсаттар қойылды: жаттығуды нақтылы жағдайға жақын қылып көрсету; Ақтоғай ауданының өрттен қорғау қызметкерлерінің арасында өзара іс-қимылдарын пысықтау; өрт сөндіру қызметкерлерінің практикалық дағдыларын пысықтау. Барлығы «шартты өртті» сөндіру кезінде 1 өрттік автоцистерна, 1 автосаты, 1 штабтық автомобиль ат салысты. Барлығы 10 өрт сөндіру қызметкерлері және 5 медицина қызметкерлері қатысты. Өрт сөндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін өрттік-тактикалық жаттығуларға талдау жүргізілді. Қорытындылар мен тұжырымдар және оқу міндеттерінің шешімдері толықтығының негізінде «қанағаттанарлық» деген баға қойылды. 20161017_152245 20161017_152303 20161017_15234720161017_152509