контакт: 8(71841)21579 aktogai_crb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101

«25 жұлдызды күн» акциясы аясында «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым» атты тақырыпта салтанатты жиын

Дата: 2016-11-23 04:45:59
«25 жұлдызды күн»  акциясы аясында «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым» атты тақырыпта салтанатты жиын   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы «25 жұлдызды күн» акциясы аясында 2016 жылғы қарашаның 22 күні Ақтоғай аудандық ауруханасының медициналық қызметкерлері арасында «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым» атты тақырыпта салтанатты жиын өткізілді. Жиынға Ақтоғай ауданы бойынша Нұр Отан партиясы филиалынның төрағасы Алханов Бейбіт Баянұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Әлин Жақсылық Тілеуғабылұлы қатысты. Жиынды бас дәрігердің орынбасары Құрманғалиева Гүлбақыт Ғалымқызы ашып, Мемлекеттік рәміздер туралы кіріспе сөзін айтты. «Мемлекеттік рәміздер – менің мақтанышым» атты презентация көрсетілді. Жиын барысында жас мамандар арасынан Нұрғазина Мөлдір, Болат Айгерім, Алмұқанбетова Айзере, Шаврова Юлия, сөз алып, Қазақстан Республикасының Конституциясы жайлы, Мемлекеттік рәміздер, оның ішінде: Ту, Елтаңба, Әнұран жайлы айтып өтті. Нұр Отан партиясы филиалының төрағасы Алханов Бейбіт Баянұлы ұжымды мерекемен құттықтай келе, мемлекеттік рәміздер мемлекетіміз бен тәуелсіздігіміздің мызғымас негіздерінің бірі екендігін атап өтті. Жиналғандарды мерекемен құттықтап ішкі саясат бөлімінің басшысы Әлин Жақсылық Тілеуғабылұлы еліміздің мемлекеттік рәміздерінің тарихы, олардың отансүйгіштікті және қоғамның азаматтық сана-сезімін қалыптастырудағы маңыздылығы туралы айтты. Іс-шара қазақстандық патриотизм, мемлекеттік, ел мен халық бірлігі және оның төл-белгілерін, саяси тәуелсіздіктің мән-маңызын түсінуге, мемлекеттік рәміздеріміз - Әнұран, Ту, Елтаңбаны құрметтеуге бағытталады.     IMG-20161122-WA0008 IMG-20161122-WA0005 IMG-20161122-WA0009 IMG-20161122-WA0007