Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Ақтоғай ауданы әкімінің денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен кездесуі
Дата: 2016-12-09 01:14:48
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсаңындағы «25 жұлдызды күн» акциясы аясында 2016 жылғы желтоқсанның 2 күні Ақтоғай аудандық кітапханасында аудан әкімі Әмірин Ағыбай Қойшыбайұлы денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен кездесу өткізді. Жиынға аудандық маслихат хатшысы Тәшенов Ж.Ш., Ақтоғай ауданы бойынша Нұр Отан партиясы филиалынның төрағасы Әлханов Б.Б., ардагерлер одағының төрағасы Куватов Б.Ә. шақырылды. Жиын барысында Ағыбай Қойшыбайұлы жиналғандарды өткізілген жұмыстар жайлы және келесі жылы орындалатын жұмыс жоспары жайлы айтып өтті. Аудан әкімі осындай кездесулер бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерін шешу үшін жақсы мүмкіндік екенін атап өтті. Сонымен қатар кездесу шеңберінде Ақтоғай ауданы әкімі, аудандық маслихат, Нұр Отан партиясы атынан денсаулық саласының ардагерлеріне алғыс хаттар және орталық аудандық ауруханасының кәсіподақ ұйымы атынан естелік сыйлықтар табысталды. Ардагерлер өз кезегінде аудан әкіміне өз алғыстарын білдіріп, жинақталған өмірлік тәжірибелерімен бөлісуге дайын екенін айтып кетті. Жиын соңында Ағыбай Қойшыбайұлы барлық қатысушыларға жылы сөздері мен лебіздеріне алғысын білдіріп, ардагерлерге амандық-саулық тіледі.