контакт: 8(71841)21579 aktogai_crb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Марденов көшесі 101

Ақтоғай ауданының денсаулық сақтау саласы - 25 жылда

Дата: 2016-12-15 10:23:44
Ақтоғай ауданының денсаулық сақтау саласы - 25 жылда Тәуелсіздігіміздің 25 жылы ішінде Қазақстан адам нанғысыз табыстарға жетті. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың данышпан және алысты болжайтын көреген саясатының арқасында егеменді жас мемлекет қалыптасудың күрделі жолынан өтіп, қазақстандықтардың әл-ауқат деңгейін арттыруға бағытталған кең ауқымды реформалар және қайта құрулар табысты өткізілді. Денсаулық сақтау жүйесін қайта құру және реформалау жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың данышпандық саясатымен ширек ғасыр ішінде бастапқы медициналық-санитарлық көмектіктің басым дамуы, стационарлық көмектің нығаюы, стационарды алмастыратын технологияларды еңгізуге, медициналық көмек көрсетудің сатыларындағы сабақтастықтың күшеюі, құрылғылардың модернизациялануы және жаңартылуы, кадрлардың сапалық құрамының өсуі, алдыңғы қатарлы технологиялардың жұмыс тәжірибесіне еңгізілуі анық байқалды. Бұл реформалар ауылдық округтерге, оның ішінде біздің ауданымызға да жетіп үлгерді. Бастапқы медициналық – санитарлық көмектің басым дамуы. Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында кешенді профилактикалық іс-шараларды, скринингтік зерттеулерді күшейту, диагностиканы, әлеуметтік-маңызды негізгі ауруларды және жарақаттарды емдеу және оңалтуды күшейту анықталған. Ақтоғай ОАА-ның кешенді моделі – жалпы тәжірибе дәрігерлерін (ЖТД) еңгізу есебінен медициналық көмек көрсетудің тиімділігін арттыру, дәрігерлер атқаратын бірқатар фунцияларды орта буынды қызметкерлерге беру, ОАА штатына медициналық қызметті жүзеге асырмайтын адамдарды (әлеуметтік қызметкерлер, психологтар) еңгізу, қызметкерлердің медициналық, әлеуметтік, және психологиялық проблемаларын, қызмет көрсететін халықты бағалау саласындағы, түсінік жұмыстарын жүргізу, ауруларға кеңес беру және тағы басқа жұмыстардағы шеберліктерін және дағдыларын дамыту болып табылады. Электронды тіркеу, анықтама қызметі, пациенттерді қолдау қызметі еңгізілді. Елбасының Қазақстан халқына 2007-2011 жылдардағы Жолдауларында айтылған тапсырмаларды орындау үшін, 2011 жылғы қыркүйек айында «100 мектеп 100 аурухана» құрылысы жобасын жүзеге асыру аясында Ақтоғай ауданының Андрианов ауылында 10,9 млн. теңгеге жаңа МП ғимараты салынды. 2013 жылы ОАА ғимараты 125,8 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді. 2015 жылдың қыркүйегінде Қожамжар ауылында 118,47 млн. теңгеге жаңа дәрігерлік емхана салынды. 2016 жылы 3 медициналық пунктке: Қайран ауылында 4,48 млн. теңгеге, Жаңатап ауылында 5,376 млн. теңгеге, Әбжан ауылында 8,8 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді. 2016 жылдың 20 қазанында басталған Жамбыл ауылындағы медициналық пунктке 6,99 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмысы аяқталды. Ақтоғай ауданының денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту үшін, 2013 жылы республикалық бюджеттен 31,05 млн. теңгенің рентген аппараты, 410 мың теңгеге ЭКГ аппараты, 2,8 млн. теңгеге ФГДС аппараты, 1,2 мың теңгеге кардиотакограф 759,6 мың теңгеге 2 электрокардиограф және 2969,0 мың теңгеге техникалық құрылғылар сатып алынды. 2014 жылдың қараша айында 7453,0 мың теңгеге УЗИ аппараты сатып алынды. 2016 жылдың тамызында 1,5 млн теңгелік отоакустикалық эмиссияны тіркейтін портативтік аппарат сатып алынды. Барлық медициналық және техникалық құрылғылар денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік сатып алулары арқылы алынды. ОАА-ның медициналық құрылғылары мен жабдықталуы 72 %-ды құрады. 2014 жылдың маусымында 3 жаңа жедел жәрдем машиналары – реанимобильдер 18774,0 мың теңгеге сатыл алынды: 2 машина – Ақтоғай ОАА-ға, 1 машина - Әуелбек ауылының дәрігерлік емханасына берілді. 2015 жылдың маусымында Жалаулы, Қожамжар, Мүткенов дәрігерлік емханаларына тағы 3 жедел жәрдем машиналары берілді. Ауылдық денсаулық сақтау мекемелерінің кадрлық құрамына да айырықша көңіл бөлінуде, Тәуелсіздік жылдарының ішінде 2003 жылдан бері «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша біздің ауданға 63 медициналық қызметкер, оның ішінде 23 дәрігер және 40 орта буынды медициналық қызметкерлер келді. 2014 жылы 6 маман келді, оның «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша келгені – 4 адам. 2 дәрігер «Қоғамдық денсаулық сақтау» бойынша 3 дәрігер – терапевт, 1 дәрігер – хирург. 2 дәрігердің жұмыс өтілі бар. 2015 жылы ауданға орта медициналық білімді 7 жас маман келді. 2016 жылдың 11 айы ішінде ауданға 3 дәрігер: 2 ЖТД және 1 статистик-эпидемиолог дәрігер, сондай-ақ орта миедициналық білімді 4 жас маман келді. Жас мамандардың барлығы әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді (тұрғын-үй, көтермелеу қаражаты, бюджеттік несиелеу және т.б.) Кадрларды ауылдық жерлерге жұмыс істеуге тарту жөнінде жұмыс жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізілуде, соның негізінде «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы пайда болды. Азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлестері және адал еңбектері үшін ОАА қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен, оның ішінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен, сондай-ақ медальдармен марапатталды. 5 институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында 2016 жылдың 15 қаңтарында Денсалық сақтаудың жаңа Мемлекеттік бағдарламасы – 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы басталды. Оны жүзеге асыру ауылдағы денсаулық сақтау ісіндегі проблемаларды анағұрлым тиімді шешуге мүмкіндік береді, өйткені ол бағдарлама «2016-2020 жылдарға арналған Аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламасы» міндеттеріне толық сай келеді. Денсаулық сақтау басқармасы жүйенің сапалық көрсеткіштеріне қол жеткізу, бастапқы медициналық-әлуметтік көмек көрсетуді дамыту, әрі қарай жетілдіру, профилактикалық тексерулер және скринингілік зерттеулерді өткізу, жалпы дәрігерлік тәжірибе институтын дамыту жөніндегі жұмыстарды ары қарай жалғастыратын болады. Біздің Тәуелсіз мемлекетіміздің әл-қуатының өсуі ең бірінші кезекте оның тұрғындарының аман-саулығына, олардың өмір сүру деңгейінің жоғары болуына байланысты. Сондықтан денсаулық сақтау, медициналық саланы дамыту мәселелері бүтіндей алғанда – еліміздің мемлекеттік саясатының басымдылықтарының бірі болып табылады. Қазақстан мемлекетінің өркендеп гүлденуі, оның барлы азаматтарының жасампаз және ынтымақты жұмысына тәуелді. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін біздің аса зор әлеуетіміз бар. Алдымызда ауқымды міндеттер мен мақсаттар тұр. Оларды іс жүзінде асыру біздің қолымыздан келеді.     CAM00994CAM00995CAM00996