Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Тұмау мен суық тиюдің алдын алу- денсаулықтың негізгі кепілі.
Дата: 2017-01-16 08:03:18
Жаз, күз өтіп, қыс лебі сезіле бастаған кезде тұмауратушылардың көбейіп кететіні ежелден белгілі. Сондықтан одан сақтана білген жөн. Тұмау – бұл жіті респираторлық вирустық инфекциялар (бұдан әрі – ЖРВИ) тобына кіретін тұмау вирусы тудыратын жіті ауру. Қазақстанда жыл сайын эпидемиологиялық кезеңде ЖРВИ-мен және тұмаумен 800 мыңнан 1 миллионға дейін адам ауырады. Тұмаумен ауыратындардың саны артқан сайын, тұмаудың асқынуы да өршиді, бұл – заңдылық. Сырқаттанушылықтың маусымдық артуының себебі бола отырып, адамдар арасындағы циркуляциясы жалғаса береді. Тұмау вирусы барлық елдерде және құрлықтарда таралған. Қысқы айлардағы сырқаттанушылық шегі адамдардың. Көп таралатын орындары: - балабақшалар - мектептер - қоғамдық көліктерде - адам көп шоғырланатын орындарда Таралу жолдары - Сілекей мен қақырық тамшыларын
- төсек-орында
- жұмыс үстелінде т.б б
- мұрынның бітелуі және тамақтың жыбырлауы осыған байланысты.
- Дене қызуының 40 градусқа дейін көтерілуі,
- қалтырау,
- әлсіздік,
- көз қарығу,
- буынның және бұлшық еттің,
- бастың және тамақтың ауыруы,
- жөтелу,
- мұрынның бітелуі аурудың негізгі белгілері болып табылады
- Тұмауға қарсы егілу
- салқын тигізіп алмауға тырысу қажет және ауа райына сәйкес киіну керек
- тұмаумен сырқаттанушылар көбейген кезде халық көп жиналған орындарда болмауға тырысу
- таза ауада серуендер алдында немесе көшеге шығар кезде мұрныңызға оксалин майын жағып алсаңыз тұмау немесе басқа ЖРВИ вирустарының тыныс жолдарына енуі күрт төмендейді.
@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя