Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Павлодар қаласының жедел және қауырт медициналық жәрдем станциясында 19.04.2013 ж. «Ең үздік фельдшері» сайысы өткізілді

Дата: 2013-04-22 10:28:07

Дәрігер мамандығы ең миірімді мамандықтардың бірі болып саналады. Гиппократтың айтуы бойынша « Медицина  барлық  өнерлерден ең игіліктісі». Еш бір мамандықты бұл мамандықтың маңыздылығымен  салыстыру мүмкін емес.

Павлодар қаласының жедел және қауырт медициналық жәрдем станциясында 19.04.2013 ж. «Ең үздік фельдшері» сайысы өткізілді Сайыстың мақсаты:  Жедел жәрдем қызметінде ең үздік, кәсіби сауатты, білімді, сүйкімді фельдшерін таңдау, содан соң  17 мамыр «Мамандық бойынша ең үздік фельдшері және әр түрлі мастер класстар түрде сайысты өткізу» бойынша  Алматы қаласында республикалық ғылыми практикалық конференциясында  біздің облысымыздың атынан қатысады.

Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының арасынан 2013 жылғы ең үздік Фельдшері Сүлейменова Айгүл Кәрішқызы бірінші жүлделі орынға ие болды Екінші орынға Екібастұз қаласының ЖМК фельдшері Лемеш И., үшінші орынға Ақсу қаласының ЖМК фельдшері Пшембаев Е. орынға ие болды.