
6 желтоқсанда Павлодар қаласында Денсаулық сақтау министрлігі Павлодар облысы әкімдігімен бірлесіп жедел жәрдем мен санитарлық авиация қызметін дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша Республикалық мәжіліс өткізілді.
6 желтоқсанда Павлодар қаласында Денсаулық сақтау министрлігі Павлодар облысы әкімдігімен бірлесіп жедел жәрдем мен санитарлық авиация қызметін дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша Республикалық мәжіліс өткізілді.
Мәжіліске облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, жедел жәрдем қызметінің бас дәрігерлері және Қазақстанның барлық аймақтарындағы санитарлық авиациясының басшылары қатысады.
Мемлекет басшысы медициналық көмектің қол жетімділігін әсіресе ауылдағы, шалғай мекендердегі халыққа қамтамасыз ету үшін транспорттық медицинаны дамытуға тапсырыс берген болатын.
Бүгінгі күні транспорттық медицина елімізде жедел медициналық жәрдем, санитарлық авиация, жылжымалы медициналық пункттерімен, денсаулық поездімен және трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметтерімен ұсынылған.
Медициналық көмек көрсету үшін «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша 16 тікұшақ, соның ішінде 14 ЕС-145 тікұшағы сатып алынды.
Жедел медициналық жәрдемді дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті көрсету стандарты құрастырылған.
Бүгінгі күні санитарлық автокөлік паркінің тозығы 40,0 пайызды құрайды. Бұдан басқа санитарлық автотранспорттың 63 пайызы қажетті медициналық жабдықпен жабдықталмаған УАЗ автокөліктері болып табылады.
Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігімен жедел медициналық көмек қызметін қамтамасыздандыру бойынша кезеңдік жұмыс атқарылуда.
Тек кейінгі 3 жылда республикалық бюджет қаражатынан 336 санитарлық автокөлік сатып алынды.
2013 жылдың аяғына дейін аймағымызға заманауи жабдықталған 258 санитарлық автотранспорт жеткізіледі.
6 желтоқсанда жедел медициналық көмек қызметіне 8 жаңа аэромобильдің кілттері беріледі және аймағымыздың пайдалануына ЕС-145 тікұшағы беріледі.
Жедел жәрдем қызметі базасында парамедиктерді дайындау орталықтары ашылады.
Мәжілісте Павлодар облысы, Астана және Алматы қалаларында «Ақылды жәрдем» жобасын іске асыру нәтижелері ұсынылады.
Жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы бойынша жүзеге асырылады.
Бұл жоба мәжіліс қорытындысы бойынша барлық аймақтарда жүзеге асады.
Санитарлық автокөліктің паркін жетілдіруін өткізумен бірге жедел медициналық көмек пен санитарлық авиация ұсынатын қызметтердің қол жетімділігін жақсарту бойынша мәселелер қойылды.
Жедел медициналық қызмет көрсету стандарттары, біліктілік бағдарламалар жаңартылады, дерексіз шақыртулар санын азайту бойынша жаңа механизмдер енгізіледі, ақпараттық технологиялар жетелдіріледі, басқару жүйелері автоматтандырылады.