
Спартакиада
Дата: 2014-06-02 06:10:54

2014 жылдың 31 мамырында № 4 емханасы ауданындағы «Усолка» шаңғы базасының аумағында медициналық қызметкерлер арасында Ш облыстық спартакиада өтті. Кросс, арқанды тарту, гирді көтеру, армреслинг, футбол сияқты спорт түрлерінен жарыстар өткізілді. ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК-ының жеке құрамы әйелдер арасында жалпыкомандалық 3 орынға ие болды. Жарыстарды өткізуде Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының жақсы дайындығын атап өткім келеді. Жарыстар аяқталғаннан кейін жүлделі орындарды иеленгендер, жарысқа қатысушылар алғыс хаттармен және естелік кубоктармен марапатталды.