Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапар-баевтың Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына баруы.

Дата: 2015-02-27 11:24:35
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапар-баевтың Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына баруы.

2015 жылдың 27 ақпанында Павлодар облысындағы жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.М. Сапарбаев, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  вице- министрі Д. Арғандықов, Павлодар облысының әкімінің орынбасары Ғ.Қ. Садыбеков, Сенат пен Мәжіліс депутаттары Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында болды.

            Павлодар облыстық жедел медициналық станциясының 2010-2014 жылдарда  жаңа инновациялық технологияларды енгізу жұмысына жоғары баға берілді. Жедел жәрдем қызметін жаңғыртудағы жемістер нәтижелері атап өтілді.

            Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының бас дәрігері Қ.Қ. Ахметжанов жұмысты одан әрі жетілдіру жолдарын баяндады.