
2015 жылдың 20 наурызында Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында көктемнің ең басты мейрамы – Әз Наурызды қарсы алды.
2015 жылдың 20 наурызында Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында көктемнің ең басты мейрамы – Әз Наурызды қарсы алды.
Салтанатты жағдайда бас дәрігер Қанадан Қанашұлы Ахметжанов өз қызметкерлерін мерекемен құттықтады, оларға табыс пен өркендеу тіледі. Ерекше еңбегімен көрінген қызметкер-лерге грамоталар табыстап, кәсіподақ комитетімен бірге сыйақы бөлінген тұлғалардың тізімін оқыды.
Құттықтаудан кейін ән мен өлең айтылып, домбырада күй шертілді. Сонан соң жоғары көтеріңкі көңілмен әр адам бір-біріне ұлттық тағамдарды сыйға тартты (бесбармақ, наурыз көже, қымыз, бауырсақ, шай және т. б.).
20 марта 2015 года на Павлодарской областной станции скорой медицинской помощи встретили главный праздник весны – Наурыз.