Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК-дағы кардиометрлердің тұсаукесері

Дата: 2015-07-20 02:11:43
ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК-дағы кардиометрлердің тұсаукесері

2015 жылдың 16 шілдесінде  ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК-да  кардиометрлердің – ЭКГ тіркеуін қамтамасыз ететін,  автоматты интерпретациялайтын, ЭКГ бірыңғай мұрағатын жасайтын, қашықтықтан  консультацияны ұйымдастыруға,  пациенттің электркардиограммасы деректерін қашықтан беруге мүмкіндік ететін заманауи портативті электркардиографтың тұсаукесері өткізілді.

         Кардиометрлердің тұсаукесерін Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Н.Қ. Қасымов ұсынып, көрсетті.

         Жұмыстағы заманауи медициналық аппаратураның, төсектегі науқастың ЭКГ жазбасы деректерін станция диспетчерлігіндегі ауысымның аға дәрігеріне жіберіліп, саналған минуттар ішінде анықталған ЭКГ шақыруда болған медициналық қызметкерлерге кері қайтарылғаны көрсетілді.

         Қазіргі уақытта станция үшін  10  ЭКГ қашықтық аппараттары сатып алынды,  оларды жұмысқа енгізу келесідей мәселелерді шешуге мүмкін етеді;

-         госпитальға дейінгі кезеңде тромболизисті өткізу жөнінде ЖМК бригадаларының шешімін растау;

-         фельдшерлік бригадалармен қызмет көрсету жағдайында жүрек-тамыр аууруларын диагностикалау сапасын арттыру;

-   госпитальға дейінгі кезеңде медициналық көмекті уақытылы және біліктілікті көрсетуді қамтамасыз ету;

-     арнайыланған кардиологиялық ЖМК бригадаларын негізсіз шақыруларға шығуын төмендету;

-    ең бастысы, дұрыс қойылған диагнозда пациенттерге медициналық көмекті уақытылы көрсету.

         Осы жаңа енгізу өте өзекті де маңызды, өйткені ЖОО-нын жаңа ғана бітірген  15  жас маманы  жұмысқа келіп отыр.

         Денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Н.Қ. Қасымов және жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Қ.Қ. Ахметжанов жас мамандарды еңбек жолының басталуымен құттықтап, практикалық денсаулық сақтау теориялық дайындықтан алда келетінін атап, оларға ақ жол тіледі. Жас мамандардан республикадағы жедел жәрдем станцияларының арасында үздік деп танылған атағы бар Павлодар қаласының жедел медициналық жәрдем станциясының беделін төмендетпей ұстауға күштері мен білімдерін аямай жұмсауды өтінді.