Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Жас дәрігерлерге құрмет көрсету

Дата: 2015-08-05 09:15:36
Жас дәрігерлерге құрмет көрсету

2015 жылдың 4 тамызында ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медици-налық жәрдем станциясы» КМК  жедел жәрдем дәрігері мамандығына жас мамандардың келуіне байланысты салтанатты жиналыс өтті.

2015 жылдың маусым айында жедел жәрдем станциясына  18  жас маман келді, олар: хирургтар, терапевттер, педиатрлар, гинекологтар.

Бас дәрігер  Қ.Қ. Ахметжанов  барлық жас дәрігерлерді ұзақ та қиын оқуды бітірумен құттықтап, практикалық медициналық теориялық даярлық-тан алда екенін атап өтті. Жас мамандарға ақ жол тілеп, оларға нағыз маман иесі болу үшін  оқып, батыл болып,  әр іске жауапкерлікпен қарап, қажет болғанда көмекке жүгінуге болатынын айтты.

Барлық жас мамандар, тәлімгер деп аталатын тәжірибелі дәрігерлерге  «бекітілді». Тәлімгерлер атынан  дәрігер  А.Г. Темірғалина жас дәрігерлерді құттықтап, басшылық атынан бағалық сыйлықтар табыс етті: былғары папкалар мен  көпфункциялы шарикті қаламдар.

Жас мамандар атынан  А.В. Моисеенко басшылықты, дәрігерлер мен фельдшерлерді жылы қарсы алып, қолдағаны, және олар үшін практикалық оқыту циклдарын ұйымдастаырғаны үшін алғысын білдірді. Әсіресе, жас дәрігерлер, олардың жұмысын жеңілдететін және алған білімдеріне қолдау көрсететін  жаңа жабдықты жұмысқа енгізгеніне шын риза болды.  Жас мамандар барлық қатысушыларды көрсетілген сенімді ақтайтынына сендірді.