
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне
Дата: 2015-12-15 03:41:35
2015 жылдың 15 желтоқсанында жедел медициналық жәрдем станциясында «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің - 24 жылдығы» мерекесін атап өтуге арналған салтанатты жиналыс өтті.
Салтанатты жиналысты бас дәрігер Қ.Қ. Ахметжанов ашып, ұжым мүшелерін осы мейраммен құттықтады.
Қазақстанның даму болашағы және Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер жөнінде баяндама жасалды.
Бүгін біз, Елбасының көрегендігі және терең ойластырылған стратегиялық мақсатты айқындау білуінің арқасында, еліміздің әлемге әйгілі болып, олардың арасында экономикалық және әлеуметтік дамуы бойынша үздіктер қатарына енгенін көріп отырмыз.
Егемен Қазақстанымыз одан әрі өркендеп, гүлдене берсін!