Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК-ның іс-қимылы жөніндегі 2014 жылмен салыстырғандағы 2015 жылғы есебі

Дата: 2016-01-20 02:27:08

         ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК-ның,  2014 жылдың   24 қаңтарында Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасымен берілген   № 14000833  мемлекеттік лицензиясы бар. Лицензия мен оған қоса берілген қосымшаларға сәйкес станциямен жедел медициналық көмек көрсетіледі.

         2014 жылдың   31 қаңтарындағы прекурсорлар, психотроптық заттар, есірткі құралдары айналымына байланысты іс-әрекет түрлеріне рұқсат бере-тін   № 14001194  мемлекеттік лицензиясы бар.

         Станцияның келесідей функционалдық бөлімшелері бар: орталық станция,  № 1 подстанция (қаланың солтүстік ауданында), № 2 подстанция (қаланың оңтүстік ауданында), орталықтандырылған гараж,  № 2 подстан-циясының гаражы, Ленин кентіндегі подстанция,  2013 жылдан бастап қаланың медициналық мекемелерінің аумағында орналасқан  3 патрульдеу постысы бар. Барлық бөлімшелердің орталықтандырылған сумен жылумен, кәрізбен қамтамасыз ету жүйесі бар. Жылдық есеп деректері бойынша орталық станция шақырулардың- 60% -ын, подстанциялар әрқайсысы -20%-дан орындайды. Қызмет көрсету радиусы қала бойынша  25, ал облыс бойынша  100 километрді құрайды: жедел жәрдем станциясы Ленин кенті, Кенжекөл, Мойылды, Павлодарское, Жетекші ауылдарының, Павлодар ауданының шақыруларын орындайды. ТЖ қызметінің ұсынысы бойынша одан да әрі қашыққа шығып отырады.

         2014 жылдың қаңтарында  станция  ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК мәртебесін алды.

          Жедел жәрдем станциясында «Жедел жәрдем» АБЖ жұмыс істейді, шақыруға шығатын бригадалар заманауи стационарлық және алып жүретін байланыспен қамтамасыз етілген, Павлодар қаласының жедел жәрдем стан-циясының санитарлық көліктерінде  «Мобильді терминалды бағдарламалық қамтамасыз етудегі» навигациялық жүйе бар, ол жедел жәрдем бригадалары-ның қозғалысын  он-лайн, сондай-ақ мұрағаттық түрде бақылауға мүмкіндік етеді.  2012 жылдың шілдесінен бастап Павлодар облысы аудандарының санитарлық көліктерінде Павлодар қаласының жедел жәрдем станциясының диспетчерлік пультінен басқарылатын жерсеріктік навигация монтаждалып, іске қосылған.  Облыстың санитарлық көліктерінде барлығы  139  навигатор орнатылған. Іздестіру-навигациялық жүйені енгізумен жақсарды:

·        жанар-жағар май материалдары шығындауын бақылау;

·        маршрутизация тиімділігі;

·        қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

·        шақыру орнына жету жылдамдығын арттыру және т.б.

          Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы облыс трассаларындағы  ЖКО – медициналық қамтамасыз ету функцияларын үйлестіреді.  2015 жылдың   12  айында  Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы жаппай - 40  ЖКО-да жедел жәрдем қызметін жұмысын үйлестірді, оның ішінде -  104   зардап шегушіге  көмек көрсетілді. Нәтижесінде жүйесін қолдану нәтижесінде шұғыл жұмыс өткізілді, трассалардағы зардап шегушілерге жету  20-30  минутты құрап, госпитализация   «алтын сағат» ішінде өткізілетін болды.

2015 жылдың  шілде-тамыз айларында станция жұмысына қашықтан ЭКГ-ге түсіру әдісі енгізілді.  2015 жылдың 20 шілдесінен бастап 2016 жылдың  1  қаңтары бойы Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы бригадаларымен кардиометр көмегімен  6735 электркардиограмма жазылып, шифрлендірілді. Осы әдісті енгізудің тиімділігі көрініп отыр. Кар-диометрі бар бригада орташа  6 минут ішінде жүрек-қантамыр аурулы нау-қастарға шақыруды жылдам орындайды, ол бригада жұмысының жеделдігі-не оң әсерін тигізеді. Кардиометр көмегімен жазылған  ЭКГ бар науқастар үшін электркардиограмма мұрағаты жасалған, ол жіті коронарлық пато-логияны болдырмау үшін маңызды. Жүрек-қантамыр аурулы науқастарға шақыруды орындауда бригаданың медициналық қызметкерлері өздерін сенімді сезінеді, өйткені олар  қосымша  ауысымның аға дәрігерінен білік-тілікті медициналық кеңес ала алады. Осы кезеңде ЖКС-ды науқастарды кешігіп жеткізу және бірде-бір қателік жағдайлары болған жоқ. Орташа кардиоорталыққа жіті коронарлық патологиямен жеткізілген науқастардың саны  9,1 пайызға қысқарды.

 

2015 жылы төтенше жағдайларда ТЖ және АҚ МҚ күштерін, жеке және басшы құрамды даярлау бойынша Павлодар облысының медициналық қызметінің іс-шаралар жоспарына сәйкестікте, жедел медициналық жәрдем бригадалары   «Қорғау-2015», сондай-ақ « РШШЖ  «Көктем-2015», Жаз-2015», «Қыс-2015»  штабтық жаттығуларына қатысты (практиклық машық-тарды қолдану үшін жаттығулар орындарына шықты, қатарлық  қарау-ларға қатысты).

 

Терроризм актілері салдарын жою және барынша азайтуға, сондай-ақ террористік қатынастағы қолайлы обьектілердің терроистікке қарсы деңгейін арттыруға ПОЖМЖС күші мен құралдарының дайындығын арттыру мақса-тында жедел медициналық жәрдем бригадалары заманауи жабдықтармен жарақталған.

ПОЖМЖС обьектілерін террористікке қарсы қорғау жағдайы бақылау ұйымдастырылған және үнемі қамтамасыз етіледі. ПОЖМЖС обьектілерінің

террористікке қарсы қорғау  Паспортының бөлімдері дәлденген.

Террористік қатынастағы қолайлы обьектілердің терроистікке қарсы  жүйенің талаптарына сәйкестікте обьектілерді келтіру жөнінде ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК-да   негізгі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде  (2015 жылдың 3 сәуір-індегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 191 қаулысымен бекітілген іс-шараларды өткізу) ПОЖМЖС-да террористікке қарсы қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылуда.

 

Бюджетке салықтар мен басқадай міндетті төлмдерді төлеу жөніндегі статистикалық реттеу нәтижелері бойынша  ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК  «Жеке табыс салығы» өлшемдері бойынша Қазақстан Республикасының кәсіпорындары арасындағы ТОП-70  ішінде  14 орынға ие болды; «Жеке табыс салығы» өлшемдері бойынша Павлодар облысының кәсіпорындары арасындағы ТОП-10  ішінде  1 орынға ие болып, «Сала көшбасшысы» деген атақ берілді.

 

2015 жылда   жедел жәрдем станциясына медициналық көмекке жүгінушілердің саны  203978  болды, 1000 тұрғынға шаққандағы жүгінушілік  2015 жылы  586-ны  құрады, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  5701  шақыруға  артық,  бірақ орташа республикалық көрсеткіштен жоғары, орташа республикалық көрсеткіш жылына  351 құрады.  Осылайша,  жедел жәрдем станциясына жүгінушілік, осы істі төмендетуге бағытталған әкімшілікпен өткізіліп отырған іс-шараларға қарамастан жоғары болып тұр.

Жедел жәрдемге негізсіз шақырулардың санын төмендетуге бағыт-талған жұмыс үнемі өткізілуде. Дәрігер-консультант лауазымы енгізілді, ЖМЖБ жұмыс уақытында шақыруларды қайта адрестеу жүзеге асырылуда. Станция әкімшілігі емханалармен бірге жұмыстағы  сабақтастық жөнінде конференцияларға қатысады, 2015 жылы осындай  9  конференция өткізілді.  2015 жылда  шақыруларды қайта адрестеудің саны  21581-ді құрады (10,6%), қайта адрестеу көрсеткіші  2014 жылдың  оы кезеңімен салыстырғанда  4407 шақыруға  артып отыр. Күн сайын электронды пошта арқылы қала емханала-рына активтер беріледі, апта сайын ЖМЖБ басшыларына созылмалы ауру-лардың тізімдері жіберіледі.

Қала азаматтарына  әкімияттар, ДСБ сайттарында, БАҚ арқылы жедел жәрдем қызметінің ережелері туралы ақпараттар ұсынылады.

 

Станцияда жұмыс істейтін ішкі аудит қызметі,   2015 жылдың  27 ақпанындағы  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бекітілген медициналық қызметтер сапасын сыртқы және ішкі сараптауды өткізуді ұйымдастыру жөніндегі Жол картасы негізінде 2015 жылдың 23 сәуіріндегі № 125 бұйрығына сәйкес пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне қайта өзгертілді.

Қайта өзгертулерге байланысты қосымша комиссиялар құрылды, қазіргі уақытта келесідей комиссиялар жұмыс істеуде:

Медициналық көмек көрсету сапасын бақылау жөніндегі комиссия;

Инфекциялық бақылау жөніндегі комиссия;

Формулярлық комиссия;

Тасымалдау кезеңінде өлім жағдайларын талдау жөніндегі комиссия;

Азаматтардың шағымдарды қарастыру жөніндегі және этикалық комиссия ;

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне клиникалық фармоколог енгізілді.

Жедел жәрдем станциясының орталық ғимараты кіреберісінде «Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау» қызметі жөніндегі ақпараттық стенд жасалған.

Сенім телефондары ақпараты жедел жәрдем машиналарында орналасқан.

 Барлық комиссиялар жоспарға сәйкес жұмыс істейді. 12 айда аудит қызметінің  12  мәжілісі өтті, онда есептік кезеңде іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі комиссиялар басшыларының есептері тыңдалды.

 

2015 жылдың  12 айында  10 өлшемдер бойынша барынша көп балл жиналды. Медициналық жабдықтармен жарақталуы, шақыру орнына уақтылы жетуі, жүрек тоқтауында пациенттерге жемісті реанимацияларды өткізу жөніндегі көрсеткіштер шектік мәннен бірашама артады.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылар:

Дәлелдік медицина ұстанымдарына негізделген үздік технологияларды енгізу, кадрлар саясатына үлкен көңіл бөлу, Павлодар облысының жедел жәрдем қызметі жұмысын жетілдіру нәтижесі болды, жұмыс сапасын арттыруға ықпал етті.

Келесідей басқарушылық шешімдердің арқасында: шақырулардың аса көп түсетін сағаттарында  «шыңдық» бригада жұмысы үшін, қосымша жұмыс істейтін ауысымды жинақтау, ауысымға резервтік санитарлық көлікті ұйым-дастыру, дәрігер-консультант лауазымын енгізу, қала емханаларымен сабақ-тастық бойынша жұмысты жалғастыру, желілік-бақылау қызметі жұмысын белсендіру, емдеу және диагностикалау стандарттарын орындауды жүйелі тексеру, GPS навигациялық жүйесі мүмкіндігін қолдану, заманауи порта-тивтік аппаратураны, қашықтан ЭКГ түсіруді  жұмысқа енгізу, бригада-лардың патрульдеуі  арқасында жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысы   2015  жылда тұрақты болды:

 

-                     жеделдік көрсеткіші тұрақты және шектік мәннен   8  пайызға жоғары;

-                     стационарға жеткізілген, пациенттердің госпитализация көрсеткіші тұрақты,  77  пайыз, ол шектік мәннен   7  пайызға  және 2014 жылмен салыстырғанда  4 пайызға жоғары;

-                     қайталама шақырулардың үлестік салмағы 1 пайыз, ол шектік мәнге сәйкес келеді;

-                     диагноздардың сәйкес келуінің үлестік салмағы 98,9 пайызға дейін артты;

-                     қайта адрестеу  9 пайыздан  11 пайызға дейін артты.

 

2015  жылдың   6  айында жедел медициналық жәрдем станциясы барлық көрсеткіштер бойынша   100 пайызды жинады.

Қорытынды бағалау –  100 пайыз, жоғары деңгей.