Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Грипп жөніндегі іс-шаралар

Дата: 2016-01-27 09:16:50

         2016 жылдың 25 қаңтарында Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына Павлодар облысының тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі департаменттің өкілі  К.Т. Абдрахманова гриппке медициналық мекемелердің дайындығы бойынша комиссиямен келді.

         Шынында, грипптің өршуі  басталды. Осы екі күн ішінде шақырулардың саны  500-ден  800-ге  дейін артты.

         Жедел медициналық жәрдем станциясының медициналық қызметкерлері бірінші болып өздеріне жүктеме алды, Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы осы ахуалға дайын болды: қазан айында барлық қызметкерлерге гриппке қарсы вакцинация өткізілді, «маскалық» режім енгізілді, қосымша вирусқа қарсы және ыстықты төмендететін препараттар сатып алынды, Денсаулық сақтау басқармасының жүктілі әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларды бақылау жөніндегі бұйрығы орындалуда, қосымша бригадалар ұйымдастырылды, көрнекі насихаттау бар (грипп жөніндегі буклеттер, брошюшалар).