Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Кандидатпен кездесу

Дата: 2016-02-29 01:54:28

 

            2016 жылдың  25  ақпанында Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында «Нұр Отан» партиясынан кандидат  О.С. Мұқашевпен ұжым мүшелерінің кездесуі өтті.

            Кездесу достық пен жылы атмосферада болды, өйткені  С.М. Мұқашев біздің әріптес болып саналады, өңірлік кардиохирургиялық орталықты басқарады. Кандидат  С.М. Мұқашев Павлодар облысында кардиохирургиялық орталықтың қалыптасуы мен дамуы туралы толық дерек берді.  Біздің Президент басшылық ететін, «Нұр Отан» партиясының атқарып жатқан жұмыстарына тоқталды.  Ол қазақстандықтардың денсаулығы мен өмірін сақтау үшін көптеген қаражат бөлінетін атап өтті. Сөзінде ол «Нұр Отан партиясы тек қана  бос уәденің партиясы емес, сондай-ақ ол игі істердің партиясы екенін анық фактілермен дәлелдеді. Онысы өте нанымды және түсінікті болды.