
Министрлік жауапты маманының станцияда болуы
Дата: 2016-02-08 03:40:02
Министрлік жауапты маманының станцияда болуы.
Дата: 2016-02-08 09:40:08
2016 жылдың 1 ақпанында ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел меди-циналық жәрдем станциясы» КМК-да Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің травматология және ортопедия ҒЗИ № 4 бөлімшесінің меңгерушісі медицина ғылымдарының кандидаты, жоғары санатты травматолог-ортопед С.С. Балғазаров болды. С.С. Балғазаров трассалардағы автомобиль апаттарында жарақаттану-шыларға жедел көмек көрсетудегі станция жұмысымен танысты. Оған Павло-дар облысының медициналық көліктері жарақталған, GPS навигациялық жүйенің жұмысы көрсетілді, ол оқиға орнына жылдам жету мүмкіндігін жасайды және «алтын сағат» ішінде зардап шегушілерге көрсетуге қолайлы жағдай етеді. Сондай-ақ, С.С. Балғазаров соңғы уақытта станция жұмысына енгізілген барлық инновациялармен танысты.