
Наурыз мейрамы
Дата: 2016-04-14 22:27:53
Наурыз мейрамы
2016 жылдың 18 наурызында жедел медициналық жәрдем станциясында "Наурыз мейрамына" арналған салтанатты жиналыс өткізілді. Салтанатты мәжілісті құттықтау сөзімен бас дәрігер Қанадан Қанашұлы Ахметжанов ашты, бас дәрігердің орынбасары Галина Павловна Сукончик станция ұжымын көктем мерекесімен құттықтады. "Наурыз мейрамы" салтанатына байланысты еңбектегі үздік қызметкерлерге сыйақылар табысталды. Кәсіподақ ұйымы атынан дәрігер Ирина Болеславовна Мищенко сөз алды. Станцияның 21 қызметкері ШЖҚ " Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станцияясы " КМК кәсіподағы атынан бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық-драма театрының әртістері күшімен мерекелік концерт қойылды. Станция қызметкерлеріне "Наурыз мейрамы" салтанатына арналған мерекелік дастархан жайылды.