Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

«Әрдайым алғы қатарда... мақала туралы ақпарат»

Дата: 2016-05-03 06:45:26
«Әрдайым алғы қатарда... мақала туралы ақпарат» IMG-20160504-WA00022016 жылдың 29 сәуіріндегі «Казахстанская правда» газетіндегі Сергей Горбунов-тың Павлодар облыстық жедел меди-циналық жәрдем стан-циясының жұмысы туралы үлкен мақаласында бас дәрігер Қ.Қ. Ахметжановпен енгізілген барлық инно-вациялар мен жаңа-лықтар, жаңа техно-логиялардан алынған тиімділік жөнінде жақсы айтылған. Соңғы үш жылда Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының жұмысына, оны реформалау жөнінде 12 жоба енгізілді. Олардың соңғысы: былтырғы жаздан бастап станция жұмысына ЭКГ қашықтан басқару әдісі енгізілді, осы жаңалықтан тиімділік – осы кезеңде бірде-бір қателік және кардиоорталыққа емдеуге пациентті кешігіп жеткізу жағдайы болған жоқ. Жаңа жылдан бастап станция жұмысына телемедицина енгізілді. Ол станция жұмысының жеделдігін 2001 жылғы - 86 пайыздан, 2016 жылы - 98 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік етті. Кәсіби дайындықты өткізудің тағы да бір оң сәті, 2015 жылы аудандық қызметтердің медициналық қызметкерлерінің интерактивті оқыту әдісі енгізілді. «Алтын сағаттан» «алтын минутқа» дейін төмендету түсінікті бас дәрігер Қ.Қ. Ахметжановтың басшылық етуімен облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы сияқты ұжымы туралы мақаламен аса толық танысып, оқуыңызды ұсынамыз.