Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

2016 жылы Павлодар облысы бойынша жедел жәрдемнің үздік фельдшері конкурсы жөніндегі ақпарат

Дата: 2016-05-13 08:01:52
2016 жылдың 12 мамырында облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының акті залында 2016 жылы Павлодар облысы бойынша жедел жәрдемнің үздік фельдшерін анықтау конкурсы өткізілді. Конкурс дәстүрлі түрде өткізілді: қатысушыларға тапсырмалар берілді, олар комиссияның мына құрамдағы мүшелерімен бағаланды: төрайымы: бас дәрігердің медицина бөлімі жөніндегі орынбасары Г.П. Сукончик, бас дәрігердің аудит жөніндегі орынбасары О.Б. Вербовая, дәрігер -сарапшы Ш.Т. Игуфарова, бас мейірбике Ю.В. Юнговамен әр тапсырмаға баллдар берілді. ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК-нын бірінші санатты фельдшер Т.Н. Лейман, Екібастұз жедел жәр-демін жоғары санатты фельдшер О.Ю. Романчева, Ақсу жедел жәрдемін Г.Х. Каматова қорғады. Бірінші конкурс – визитка (максималды балл -4) Т.Н. Лейман 16 балл, О.Ю. Романчева -14 балл, Г.Х. Каматова -14 балл алды. Екінші конкурс – ахуалды тапсырмалар (максималды балл -5) Т.Н. Лейман - 20 балл, О.Ю. Романчева -13 балл, Г.Х. Каматова -13 балл алды. Үшінші конкурс – кәсібилік машықтар (максималды балл -5) Т.Н. Лейман - 16 балл, О.Ю. Романчева -14 балл, Г.Х. Каматова -10 балл алды. Төртінші конкурс – үй тапсырмалары (максималды балл -4) барлық қатысушылар 16 баллдан алды. Қорытындысында Т.Н. Лейман - 68 балл, О.Ю. Романчева - 57 балл, Г.З. Каматова - 53 балл алды. Жеңімпаз болып ең көп балл алған Т.Н. Лейман анықталды, ол «Мойылды» санаторийіне жолдама мен медицина жөніндегі кітаптармен марапатталып, сондай-ақ 2016 жылы республика бойынша ең үздік фельдшер конкурсына қатысу құқығына ие болды. Екінші және үшінші орындарға О.Ю. Романчева мен Г.Х. Кмматова ие болды, олар ыдыс жиынтығымен және медицина жөніндегі кітаптармен марапатталды. Жарыс соңы жолдастық жағдайдағы шай ішумен аяқталды.

Ақпаратты дайындаған: О.Б. Вербовая