ЖЖ конференциясы бойынша ақпарат
Дата: 2016-06-13 07:14:48
Ағымдағы жылдың 9-нан бастап 10 маусымы бойы Алматыда санитарлық авиация, жедел жәрдем және симуляциялық орталықтары мамандарының конференциясы өтті. Осы іс-шараға біздің ғана республикадан емес, сондай-ақ Жапония, Түркия, Италия, Қырғызстан, Литва, Украинадан қонақтар болды. Оған Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станция-сының өкілдері қатысты. Конференцияның бірінші күнінде ШЖҚ "ПОЖМЖС" КМК бас дәрігері Қ.Қ. Ахметжанов баяндама жасады, онда ол соңғы 3 жылда жұмысқа енгізілген инновациялар туралы баяндап берді. Телемедицина, науқас төсегінде шақыру

карталарын электронды толтыру, ЭКГ қашықтан беру сияқты инновациялар, тек Павлодар облыстық жедел медициналық станциясында ғана бар. Осы технологияларды енгізу нәтижесінде аурулардың диагностикасы жақсарды және жұмыс сапасы мен санын бағалау көрсеткіштері артты. Екінші күні жедел медицналық бригадаларының жарыстары өткізілді. Қазақстаннның әр өңірінен барлығы 9 команда қатысты. Қатысушыларға 4 тапсырма орындау керек болды: * кеңейтілген -өкпе-жүрек реанимациясымен жіті коронарлық синдромы; * ересек адамның полижарақаты; * кеңейтілген -өкпе-жүрек реанимациясымен баланың анафилактикалық шогы; * жас туылғанның реанимациясы, жетілген шараның үйдегі босануы. Ауыр дәрежелі преэклампсия.

Павлодар облыстық жедел медициналық станциясы беделін құрамында дәрігерлер С.Г. Крылова, С.А. Савич, фельдшер Д.Исабаев бар команда қорғады. Осы конференцияның нәтижесінде толық көлемді ақпарат алынып, тәжірибе алмасуы болып, санитарлық авиация мен жедел жәрдемді одан әрі дамыту тактикасы әзірленді.
Әкімшілік