Медицина қызметкерлерінің күні
Дата: 2016-06-16 23:30:16

Бүгін, 2016 жылдың 16 маусымы күні, жедел медициналық жәрдем станциясында медицина қызметкерлерінің күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс өткізілді. Бас дәрігер Қ.Қ. Ахметжанов барлық қызметкерлерді мейрамымен құттықтап, үжымға табыс тілеп, жетістіктер мен даму болашағы жән е инновациялар туралы баяндады. Одан әрі бас дәрігер үздік қызметкерлерге Денсаулық сақтау басқармасы мен ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медциналық жәрдем станциясы» КМК атынан құрмет грамоталарды табыстады. Кәсіподақ комитетінен ерекше еңбегімен қызметкерлерге естелік сыйлықтар берілді, кадр бөлімінің б

асшысы қызметкерлерді сыйақымен марапаттау жөніндегі бұйрықты жариялады. Сондай-ақ, ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медциналық жәрдем станциясы» КМК жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді, ол станция жұмысында жаңа технологияларды енгізу жөнінде Алматы қаласында ағымдағы жылдың 9 маусымынан бастап 10 маусымы бойы ұйымдастырылған санитарлық авиация, жедел жәрдем және симуляциялық орталықтары мамандарымен өткізілген конференцияда тұсаукесер ретінде көрсетуге дайындалған еді. Мейрам соңында,
ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медциналық жәрдем станциясы» КМК ұжымы мүшелерімен еліміздің әнұраны орындалды. Медицина қызметкерлерінің күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиналыс достық жағдайда шәй ішумен аяқталды