
ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕР
Дата: 2016-07-28 06:58:24
ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕРДЕ БІЛУ ҚАЖЕТ Вирустық гепатиттер (ВГ) – бауырды зақымдауы басымдығымен өтетін және ауру белгілерінің ұқсастығы бар, вирустық аурулардың үлкен тобы. Аурудың ең ауыр түрлері В және С гепатиттері вирустарымен шақырылады, олар жиі бауыр рагы мен цирроз түрінде созылмалы формасына ауысады. В және С ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕРІ ЖҰҒАДЫ: - қорғалмаған жыныстық қатынаста;
- ұлпаларды және органдарды алмастыруда, зақымдалған қан мен оның компонеттерінен қан құюда;
- өңдеуден өтпеген, медициналық құралдарды үй жағдайында қолданғанда;
- сұлулық салондарында стрелизациялау мен дезинфекциялау ережелерін сақтамау жағдайында косметикалық процедураларда (пирсинг, татуаж, маникюр мен педикюр);
- жалпы қолдану шприцтерімен есірткіні бірге вена ішіне енгізуде;
- жеке гигиена құралдарын бірге қолдануда (қайшылар, тіс щеткалары, ұстаралар);
- босануда анасынан балаға.
- қан ауруларымен ауыратын пациенттер;
- жаңа пайда болған қатерлі ісікті пациенттер;
- гемодиалезде болатын пациенттер;
- қан және оның компоненттерінің реципиенттері;
- отадан өткен пациенттер;
- гепатит вирустарымен инфицирлеудің асқын тәуекелі бар бар, медициналық қызметкерлер.