
ЖІТІ ІШЕК ИНФЕКЦИЯЛАРЫНАН САҚТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕР
Дата: 2016-07-28 07:02:09
ЖІТІ ІШЕКТІК ИНФЕКЦИЯЛАР (ЖІИ) - ол ас қорыту трактісін зақымдайтын, инфекциялық аурулардың толық тобы. ЖІИ қоздырғыштары топырақта, суда және түрлі заттарда: қасықтарда, тәрелкелерде, есік тұтқаларында, ойыншықтарда және т.б. ұзақ уақыт бойы сақталады және өз қасиетін жоймауға қабілетті. Микробтар суда, сүтте, сүт пен ет өнімдерінде, кондитерлік бұйымдарда және жылдам бұзылатын тағамдарда жақсы дамиды. НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ - іштің ауыруы; - құсу, іштің өтуі; - температураның көтерілуі; - жалпы әлсіздік, тәбеттің төмендеуі. Құсу мен іштің өтуінде ағзадағы су мөлшері азаяды, нәтижесінде ондағы су алмасуы процесі бұзылады, ол жүрек, бүйрек, тамырлар және басқа органдар жұмысының бұзылуына әкеледі. Табиғатта белсенді, салауатты дем алу үшін ұсынылады: - азық-түліктерді арнайыланған базарлар мен дүкендерде сатып алу; - жылдам бұзылатын азық-түліктер: сүт пен ет өнімдері, кремі бар кондитерлік бұйымдар, дайындалған және дәмдендірілген салаттар және т.б. болдырмау; - ірі ет бөліктерін, тұтас құс еттері мен жұмыртқаны мұқият пісіру мен қуыру; - асты қабылдау алдында көкөністер, жеміс-жидектерді үйде күні бұрын жақсылап жуу; - асхана немесе қайнатылған суды пайдалану керек. Су көздерінен суды ішуге болмайды. - қолды әрдайым жуу және қол тазартатын ылғалды сулықтар мен антибактериальды/ антисептикалық гельдерді қолдану.