Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Мойылды селосындағы тактико-арнайы жаттығуларының нәтижелері жөніндегі ЕСЕП

Дата: 2016-08-03 05:07:12
Мойылды селосындағы тактико-арнайы жаттығуларының нәтижелері жөніндегі ЕСЕП IMG-20160707-WA0019Павлодар қаласының ТЖБ басшысы Р.Е. Валишновпен бекітілген «Мойылды селосындағы эпизоотия нәтижесінде пайда болған төтенше жағдайдың алдын алуы бойынша қала қызметтерінің әрекеттері» тақырыбына тактико-арнайы жаттығулар сценарийіне сәйкестікте, ағымдағы жылдың 7 маусымында жедел жәрдем бригадасы (алдын-ала обаға қарсы экипирленген костюмдерде) 15.00-де Мойылды селосындағы шақыру орнына бір мезгілде, АМО бригадасымен бірге шықты. Мекенжайға жетіп, тұлғаны қарап тексерген соң (сценарийге сәйкес ауырған 1987 жылы туған Марат Талғатұлы Ысқақов, «Мойылды» ШҚ-да малшы болып жүмыс істейді,( шартты ауырғанның сөзінен ол жалпы әлсіздікті, жоғары температураны сезінген) дәрігермен алдын-ала қойылған диагнозы: «Сібір жарасы (күйдіргісі)». Аса қауіпті инфекцияны анықтау фактісі бойынша әзірленген алгоритмдерге сәйкестікте хабаралама ПОЖМЖС диспетчерлігіне берілді, ол хабарландыруды сұлбасына сәйкес станцияның аға дәрігеріне, ПОЖМЖС басшылығына, Павлодар қаласының әкімдігіне, ІІД, ТЖД жедел кезекшісіне, ПГУПЗПП басшысына, ветеринарлық инспекцияға, сондай-ақ облыстық инфекциялық ауруханасының бас дәрігеріне, облыстық ДКГЭСН аса қауіпті карантиндік инфекциялар жөніндегі бөлім басшысына жолдады. IMG-20160707-WA0021Диагноз қойылған соң, ақпарат берілгеннен кейін ПОЖМЖС бригадасымен науқасты оқшаулау жүргізілді. Бір мезгілде АМО бригадасы онымен қатынасқан тұлғаларды тексеруден өткізді. Бұдан әрі ауырғанға алғаш медициналық көмек көрсетілді, эпидемиологиялық талдау жүзеге асырылды, қоздырушының болжамдық көзі мен оның тарау факторы анықталды (сценарийге сәйкестікте 7 күн бұрын ол өз жеке меншігіндегі ауырған малды сойып, өңдеген). Науқас тұлғаны облыстық инфекциялық ауруханасына шартты тасымалдау өткізілді (ПОЖМЖС бригадасы науқасты тасымалдады, ал АМО бригадасы 4 қатынаста болушыны тасымалдады), Соңында медициналық құрам мен санитарлық автокөліктің дезинфекциялау шаралары жүргізілді.