ЖКС синдромы бойынша оқыту
Дата: 2016-08-15 23:10:01

2016 жылдың 15 тамызында Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында ЖКС синдромының өзектендірілген хаттамасы бойынша емханалар, стационарлар, жедел жәрдем, сондай-ақ ауылдық амбулаториялардың дәрігерлерін оқыту басталды.
Оқытуды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің бас кардиологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Рымбекқызы Әпсейітова өткізеді.
ЖКС синдромы бойынша емдеу және патогенез, этиология, статистика жөніндегі ең жаңа деректерді 50-ден астам дәрігерлер үлкен қызығушылықпен тыңдайды. Осы мәселеге жаңа көзқарастан басқа, профессор С.Р. Әпсейітова емханалар мен стационарлар, стационарлар мен жедел жәрдем қызметтері арасындағы өзара әрекеттесуге біздің дәрігерлерді үйретеді, өйткені осы патологиялы пациенттерді дұрыс жүргізуден, адам өмірі тәуелді.