
«Павлодар облысында жедел медициналық жәрдем қызметін оңтайлау» пилоттық жобасының жол картасын орындау жөніндегі ақпарат
Дата: 2016-10-10 23:38:40
Жедел медициналық жәрдемді көрсетуді халықаралық стандарттарға сәйкестікте, ҚР тұрғындарына көрсетуді сапалы, уақытылы және тиімді қамтамасыз ету және 2016 жылдың 20 мамырындағы ҚР Премьер-Мини-стрінің орынбасары Д.Н. Назарбаеваның қатысуымен өткізілген отырыс-тағы хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, 2016 жылдың 11 тамызынан бастап Павлодар облысында «Павлодар облысында жедел медициналық жәрдем қызметін оңтайлау» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Пилоттық жобаны жүзеге асыру жөніндегі бекітілген іс-шараларға сәйкес келесілер орындалды: - пилоттық жобаны енгізу бойынша жол картасы әзірленіп, бекітілді;
- пилоттық жобаны енгізуге сәйкес өзгерістерді енгізуден кейін Павло-дар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының құрылымы бекі-тілді;
- штаттық кестесі бекітілді;
- құқықтарды белгілейтін құжаттар ресімделді;
- Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына аудан-дық жедел жәрдем бөлімшелерінің материалдық-техникалық құралдарын қабылдау-тапсыру жүргізілді;
- медициналық іс-қимылға лицензия алынды;
- жедел медициналық жәрдемнің Бірыңғай емдік формуляры құрасты-рылды;
- Павлодар қаласындағы бірыңғай жедел бөлімімен, ЖМК бригадалары коммукаторына бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуымен аудандық жедел жәрдем қызметіне АБЖ енгізілді;
- в on-line режімінде «ПОЖМЖС» орталық диспетчерлігімен қашықтан қосылуымен, ЭКГ беру үшін аудандардың жедел жәрдем қызметіне кардио-метрлер берілді;
- ЖКС-ды пациенттерге көмек көрсету, базалық және кеңейтілген реани-мация мәселелері бойынша аудандардың жедел жәрдем қызметкерлерін оқы-ту өткізілді;
- «Парамедик» курсы бойынша жедел жәрдем санитарлары мен жүргізу-шілердің оқытылуы өткізілді;
- стандарттарға сәйкес аудандардың жедел жәрдем қызметі бригада-ларына қосымша жарақтау жүргізілді;
- аудандардың жедел жәрдем қызметінің медициналық қызметкерлері жаңа маусымдық униформамен қамтамасыз етілді;
- жедел жәрдемнің барлық пункттерінде интернет, телекоммуникация-лық байланысы орнатылды;
- аудандардың барлық жедел жәрдем қызметі бөлімшелерінде үйжайдың жөндеулері жүргізілді;
- аудандардың барлық жедел жәрдем қызметі пункттерінде электр энер-гиясы ағытылғанда, үзіліссіз жұмыс істеу үшін жабдық сатылып алынды;
- GPS жүйесінің көмегімен, облыс жедел жәрдемінің барлық санитарлық көліктерінің қозғалысын бақылау мен мониторингтеу қамтамасыз етілді;
- жедел медициналық жәрдем санитарлық көліктеріне қызмет көрсету үшін бірыңғай техникалық қызметі құрылды;
- ЖКС-ды және инсультпен ауыратын науқастардың жаңа маршруттық сұлбасы бекітілді;
- талаптарға сәйкестікте есірткі құраадары мен психотроптық заттарды сақтау үшін үйжайлардың монтаждауы жүргізілді;