Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Министрде есеп беру

Дата: 2016-10-25 00:24:20
Министрде есеп беру IMG_50702016 жылдың 22 қазанында ШЖҚ «Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» КМК бас дәрігері Қ.Қ. Ахметжанов Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Қ Дүйсеноваға Павлодар облысында жедел жәрдемді оңтайландыру жөніндегі пилоттық жобаны енгізу бойынша есеп берді. Бас дәрігермен Павлодар облысының аудандары мен Ақсу және Екібастұз қалаларында енгізілген және іс-қимылдағы 12 инновациялар ұсынылып,көрсетілді. IMG_5126Пилоттық жобаның басты мақсаты - ауылдық тұрғындарға қалалық деңгейдегі сияқты көмек көрсету деңгейін арттыру, осыдан басқа, жедел жәрдемнің станциялары мен бөлімшелері жұмысындағы өзара әрекеттестікті үйлестіру, бірыңғай құрылымдық басқаруы арқылы қаржылық, кадрлық, материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалануға әкеледі: Павлодар облысында жедел жәрдемді оңтайландыру жөніндегі пилоттық жобаны енгізу жөніндегі ақпарат үлкен ықыласпен, зор қызығушылықпен және оң қолдаумен қабылданды. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Қ Дүйсенова Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясына санитарлық авиацияны қосу жөнінде шешім қабылдады.