
Суық тию кезінде өзін-өзі емдеу
Дата: 2017-01-11 08:06:36
Суық тию аурулары жылдың қай мезгілінде де біздің күнделікті өмірімізге кедергі жасайды. Осы кезде не жасауымыз керек, қалай суық тиюмен күресеміз деген сұрақтар туады. Бір тәулікте қалай емлеуге болады? Суық тию ақырындап басталады, алғашқы белгілері: түшкіредіу, тамағы жыбырлайды, мұрынның бітелуі байқалады, денеде әлсіздік пайда болады, ақырындап дене қызуы көтеріледі.Алғашқы белгелерін байқасақ, тосып тұрмай тез емдеу қажет.Емделмеген жағдайда 2-3 тәуліктен соң жағдай нашарлайды, егерде тез ем қолдансақ 24 сағаттан кейін қайта сау болып шығасыз. Демалып отырып, ем қабылдаймыз Суық тисе демалып. үйде ем алып жатқан дұрыс. Сапалы ем алуға жағдай жасау керек. 38 градусқа дейін дене қызуын түсіруге дене қызуды түсіретін дәрілік заттарды қолданбаған дұрыс, бұл иммундық жүйе белсенді түрде вируспен күресіп жатқанының белгісі. Оған басқа да мынандай әдістермен күресуге көмектесіңіз. С дәрумені туралы ұмытпаңыздар! С дәрумені (аскорбин қышқылы). Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра алу әрекетін арттырады. Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен, тамақпен бірге қабылдануы керек. С дәрумені ағзаға қыс пен көктем айларында көбірек қажет. Жаңа піскен көкөністер, жемістер және тұздалған орамжапырақ құрамында көбірек кездеседі. Әсіресе итмұрынның, қарақаттың құрамында мол болады.Апельсин, алма, киви, лимон, грейпфрут, құрма, пияз мен сарымсақты көбірек қолдану керек.Майлы тағамдарды көп қолданбаған жөн. Ағза оны қорытуға көп күш жұмсайды да, көп энергия кетіреді. Лимонмен, малинамен, қара смородинамен шай iшу керек, итмұрынды қайнатып ішкенде дұрыс.Бастысы күніне 1,5 литр су ішкен дұрыс, ол жай ғана жылы болуы тиіс. Мұрыңыңыз ақпай, дұрыс демалу үшін... Мұрын арқылы микробтар ағзаға кіріп, тез емдемесе одан әрі күшейіп алады. Сіздің алғашқы міндетіңіз- мұрыңызды арнайы шөп, тұз т.б. ерітінділерімен жуып-шайып отыруыңыз керек. Жөтелдің алдын алу Тамақтың жыбырлауы - аурудың алғашқы себептерінің бірі. Тез емдемеген жағдайда ангинаға да жетіп, басқа да қиындықтарға тап боласыз. Ең тиімді, қолайлы әрі қол жетімді әдісі, ол тамақты шаю әдісі.Фурацилин жақсы, ол болмаса түймедақты қайнатып немес қайнаған жылы суда тұз бен 3-4 тамшы йодты арластырып ерітінді жасау керек. Осындай процедураны 1-1,5 сайын қайталап отыру керек. Ингаляция Бумен ингаляция жасау жөтел, тұмау, ангина, тамақтың ауруы мен мұрыннан су ағу, бітелуі сынды тыныс жолдарының аурулары кезінде сауығуға көмектесе алады. Бірақ көбіміз бумен ингаляцияларды дұрыс жасауды білмейміз. Назарларыңызда ингаляция дауасына қатысты ақпарат. Бумен ингаляция жасау – қандай да бір ыстық, қайнап тұрған сұйықтықтан (әдетте судан) шығатын бумен дем алу. Ингаляция тыныс жолдарын жылытып, қозып тұрған тамақты тыныштандырады. Бірталай бактерияларды өлтіріп, сауығып кетуге көмектеседі. Ең біріншіден бумен ингаляцияны дененің қызуы көтеріліп тұрғанда жасауға мүлдем болмайтындығын айта кету керек. Тіпті дене қызуы 37 градусты көрсетіп тұрса да, жасалынған ыстық ингаляция сіз үшін қауіпті бола алады. Сондай-ақ, бу ингаляцияларын балаларға дәрігердің нұсқауынсыз жасамаңыз. Балалардың терісі мен ішкі мүшелері нәзік болатындықтан, жоғары температура ішкі мүшелерді күйдіріп жібере алады. Ингаляцияның негізі ретінде нені қолдануға болады? Ингаляцияның негізі картоп піскен су бола алады. Ол үшін суды қайнатып, картоп пісіріңіз, үстіңізге орамал жауып, осы бумен дем алыңыз. Дауа 20 минутқа жалғассын. Сондай-ақ, қарапайым қайнаған сумен де ингаляция жасауға әбден болады. Қайнаған шәйнектің шүмегіне конус пішінді оралған қағазды салып, содан шыққан бумен 10 минуттай дем алыңыз. Шәйнектегі суға арнайы шөптер қосу арқылы дауаның әсерлігін жоғарылата аласыз. Өзіңізге ұнаған, не белгілі бір ауру кезінде қолданылатын емдік шөптің түрін, не эфир майының бір-ақ тамшысын қосыңыз. Жөтелді эвкалипт, немесе лимон эфир майлары жақсы кетіреді. Егер мұрныңыз ағып не бітеліп тұрса, мұрныңызбен дем алыңыз, сәйкесінше тамағыңыз ауырып тұрған жағдайда, ауызбен терең, асықпай дем алыңыз. Өз-өзіңді жылы ұста! Суық тию кезінде тоңуға болмайды, әсіресе аяқты жылы ұстау керек. Үй жағдайында қыша қағазын пайдалануға болады. Қыша қағаз - бір жағына қыша ұнтағы жағылған қағаз. Пайдаланар алдында оны жылы суға салып, содан кейін денеге тікелей немесе газет, дәке, шүберек сыртынан (тері аса сезімтал болғанда) жапсырады. Қышаны дененің жапсырылған тұсы қызарғанша (әдетте 5-10 минут) ұстайды. Тыныс жолдары қабынғанда қышаны кеуде тұсқа (кеуденің дал ортасына) және балтырға, бронхит кезінде кеуденің бір не екі жағына қояды. Үйде жылы ваннаға түсуге болдаы, тек дене қызуы 38 градустан жоғары болғанда ыстық ваннаға мүлде түсуге болмайды. Ваннаға түскеннен кейін жоғарыда көрсетілген процедураларды орындау қажет (мұрынды жуып-шаю, тамақты шаю, ингаляция, қыша қағазын қою), содан соң жылы төсекке орану керек. Дәріхана немесе әжемнің әдістері? Егер сізге жай суық тимей, тұмау жұқтырсаңыз, бір күнмен құтыла алмайсыз. Сондықтан осы екеуін ажырата білу керек.Тұмау ЖҚА қарағанда тез басталады, температура тез 38,5-39,5 градусқа дейін көтеріледі және 3 күнге дейін түспеуі мүмкін. Мұрынның ағуы байқалмауы мүмкін.Тұмау кезінде буындар, бас қатты ауырады. Өткен аптада дәрігерлер көмегіне 4,5 мың адам жүгінген. Санитарлық эпидемиологиялықтар бұл жаңа толқынның басталуы мүмкін дейді.Олар қазақстандықтарды адамдар көп жиналатын орындарда жүрмеуін, сарымсақ жеп, суық тиюдің алғашқы белгілерін байқағанда үйге дәрігер шақыру керектігін айтады. Есіңізде болсын, өмірдің ең басты байлығы – бұл өмірдің өзі, Сіздің денсаулығыңыз және Сіздің туыстарыңыздың денсаулығы!