контакт: 8 (71831) 2 28 31 otdelkadrovzrb@mail.ru
адрес: Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка селосы, Квиткова көшесі,50.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Жарғысы

 

Павлодар облысы қаржы басқармасының

2012 жылғы ______________

№_____бұйрығымен

бекітілген

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “Железин орталық аудандық ауруханасы” коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының

Жарғысы

1. Жалпы ережелер

1. Павлодар облысының әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау бас-қармасының “Железин орталық аудандық ауруханасы” коммуналдық мемле-кеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында-ғы заңды тұлға болып табылады.

2. Кәсіпорын облыс денсаулық сақтау департаментінің 2000 жылғы 27 желтоқсандағы “Заңды тұлғаларды құру туралы” № 441 бұйрығына сәйкес құ-рылды.

3. Кәсіпорынның құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган – Павлодар облысының әкімдігі болып табылады.

4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын мемлекеттік коммуналдық меншік құқығын жергілікті атқарушы органы – Павлодар облысы әкімдігі жүзеге асырады.

5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын органы Павлодар облысы-ның денсаулық басқармасы (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады. 6. Мемлекеттiк кәсiпорынның мемлекеттiк тiлдегi атауы: Павлодар облы-сы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы “Железин орталық аудандық ауруханасы” коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны.

Мемлекеттiк кәсiпорынның орыс тiлiндегі атауы: Коммунальное госу-дарственное предприятие на праве хозяйственного ведения “Железинская цен-тральная районная больница” управления здравоохранения Павлодарской обла-сти, акимата Павлодарской области.

7. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар об-лысы, Железин ауданы, 140400, Железин ауылы, Квитков көшесі, 50 — үй.

2. Кәсіпорынның заңды мәртебесі

8. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәттен бастап құрылған және заңды тұлға құқығына ие болады.

9. Кәсіпорынның заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсі-порынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.

10. Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкі-метінің келісімінен басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтай-шысы (қатысушысы) бола алады. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жергі-лікті атқарушы органның келісімімен басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес филиалдары мен өкілдіктерін құра алады.

11. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республиксының заңна-малық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жата-тын азаматтық-құқылық мәмілелер, егер Қазақстан Республикасының заңнама-лық актілерімен өзгеше белгіленбесе, тіркелген сәттен бастап жасалған деп есептеледі.

3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

12. Кәсіпорын қызметінің мәні заңнамада белгіленген тәртіпте және меди-циналық қызметтің белгіленген түрлеріне берілген лицензияға сәйкес тұрғын-дарына жоғары мамандандырылған көмек көрсету болып табылады.

13. Кәсіпорын қызметінің мақсаттары –тұрғындарға бастапқы медицина-лық-санитарлық және кеңестік – диагностикалық көмек көрсету, халық денсау-лығын қорғау бардарламасын орындау.

14. Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) медициналық қызмет:

— ауруларды ерте анықтау мақсатындағы диагностика;

— амбулаторды деңгейдегі емделу;

— стационар алмастырушы көмек көрсету (күндізгі стационар, үй стацио-нары);

— профилактикалық қарау;

— жұқпалы ауруды жолатпау шарасы;

— еңбекке уақытша жарамсыз сараптамасы (еңбекке уақытша жарамсыз-дылық туралы анықтама, парақты беру);

— жүкті әйелдердің, балалардың, сондай-ақ жаңа туған сәбилердің потра-нажы;

— серпінді қарау және диспансерлеу;

2) денсаулық сақтау саласында өндірістік – шаруашылық қызметін іске асы-ру;

— тегін медициналық көмек кепілділік көлемін қоспағанда, ақылы меди-циналық көмек көрсету;

— ұйымдарға және кәсіпорындарға шарт негізінде медициналық көмек көрсету;

— кәсіпорындармен шаруашылық және ақылы қызмет көрсету шарттар-мен, кәсіпорынның қызметін өрістету және қолдау үшін қажетті табысты алу, мемлекеттік тапсырысты қаражат есебінде орындау;

— Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама-ға сәйкес жұмыстарды, қызмет көрсетулерді және тауарлар сатып алуларды ұйымдастыру;

— қаражаттарды мақсатымен және тиісді пайдалану, мемлекеттік тапсы-рыс бойынша алынған науқастарға тегін қызмет көрсету.

3) қызметтің түрлі бағыттары бойынша кәсіби курстар, дәрістер, семи-нарлар, тренингтер, конференциялар және өзге де шараларды ұйымдастыру мен өткізу нысанындағы ақпараттық-кеңестік қызметтер, алдын алу жұмыстар және емдеу-диагностикасы бойынша дәрігерлердің сол орнында практикалық көмек көрсету және кеңес үшін дәрігерлердің жоспарлы шығуларды ұйымдастыру;

— жалпы емдік желі мамандарына ақыл-кеңестік көмек көрсету;

— салауатты өмір салтын қалыптастыру насихаты бойынша санитарлық-жарықтандыру жұмыстары;

4) — Қазақстан Республикасының “Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Кодексімен тыйым салынбаған медициналық қызметтің басқа да түрлері;

15. Кәсіпорын оның қызметінің мәні мен мақсатына сай емес қызметті жұзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелерді жасауға құқылы емес.

16. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құ-рылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақсаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі мемле-кеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның, жергілікті атқарушы органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

17. Кәсіпорын басшысының кәсіпорынның жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

4. Кәсіпорынды басқару

18. Жергілікті атқарушы орган:

1) Кәсіпорындарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ше-шім қабылдайды;

2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, коммуналдық мү-лікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға өкілеттік береді;

3) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;

4) Кәсіпорынның филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;

5) Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

6) осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнама- сында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

19. Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған тәртіпте басқару органы келесі функцияларды жүзеге асырады:

1) бір мекемеге қарасты заңды тұлғаларды басқару сұрақтары бойынша акт әзірлейді, оның іске асуын қамтамасыз етеді;

2) Кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныс жа-сайды;

3) Кәсіпорынның Жарғысын бекіту туралы ұсыныс жасайды, оған өзгеріс пен толықтырулар енгізуді ұсынады;

4) Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметінің басым ба-ғыттарын және міндетті жұмыс (қызметтер) көлемін анықтайды;

5) Кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, келіседі бекітеді.

6) Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуын талдауды және бақы-лауды жүзеге асырады;

7) Кәсіпорын мүлкінің сақталуын және қолдануын бақылауды қамтамасыз етеді;

8) Кәсіпорын мүлкінің есепке алуды ұйымдастырады, оны тиімді пайдала-нуды қамтамасыз етеді;

9) Қазақстан Республикасы заңнамасы және осы Жарғы жүктеген басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.

20. Кәсіпорынның Басшысы оның органы болып, заңнамамен көзделген жағдайларда бақылау кеңесі болып табылады.

21. Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Рес- пуб-ликасының заңнамасында белгіленген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Респуб-ликасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

22. Басқару органы Кәсіпорынның Басшының еңбек қатынастарын Қазақ-стан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Рес-публикасының Еңбек кодексімен бел-гіленген жағдайлардан басқа, бюджетке таза табыстық белгіленген бөлігі уақы-тылы аударылмағаны үшін Кәсіпорын Басшының жауапкершілігі айқындалады.

23. Кәсіпорынның Басшыны Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қыз- ме-тіне және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.

24. Кәсіпорынның Басшысы Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қар- сы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.

25. Басшы дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңна- масымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.

26. Басшы:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдде- ле-рін барлық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде Кә- сіпорынның мүлкіне билік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шы- ға-рады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заң-намасымен және осы Жарғымен өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады;

Басқару органы Басшының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы оның Жарғысында белгіленеді;

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас бухгалтерді қоспағанда) сый-лықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) өзініңорын басарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың Басқару органына кандидатуралар ұсынады;

10) өзінің орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызмет- керлерінің құзыретін белгілейді;

11) тиісті саланың Басқару органының келісімі бойынша Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктерінің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекі-теді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функ- цияларды жүзеге асырады.

5. Байқау кеңесімен шаруашылық жүргізу құқығындағы

Кәсіпорынды басқару ерекшеліктері

27. Кәсіпорында Басқару органның ұсынысы бойынша байқау кеңесі құ-рылуы мүмкін.

28. Байқау кеңесін құру реті, байқау кеңесі құрамына сайланатын тұлға-ларға қойылатын талаптар, сонымен қатар байқау кеңесі мүшелерін конкурстық іріктеу реті мен уәкілеттіліктерін мерзімнен бұрын тоқтату Қазақ-тан Республикасы Үкіметімен бекітілген.

29. Байқау кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау мен байқау кеңесінің мүшелеріне сыйақы төлеу шегін анықтау Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған.

30. Байқау кеңесінің қызметі әрекет етуші заңнамамен және байқау кеңе-сінің бекітілген ережесімен реттеліп отырады.

6. Кәсіпорынның мүлкі

31. Кәсіпорынның мүлкін, құны оның теңгерімінде көрсетілетін Кәсіп- орынның активтері құрайды.

32. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсі-порын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

33. Кәсіпорынның мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүліктің;

2) өз қызметiнiң нәтижесінде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыс- тарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

34. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көз- делген қызметін қамтамасыз ету үшін оған қажетті, не осы қызметтің өнімі бо-лып табылатын мүлкі болуы мүмкін.

35. Шаруашылы жүргізу құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өз- геше көзделмесе немесе аталған заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

36. Шаруашылық жүргізудегі мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның шаруашылық жүргізуіне түседі.

37. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесі- нің шешімімен өзгеше белгіленбесе, мүлікке шаруашылық жүргізу құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.

38. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.

39. Кәсіпорынның мүлкіне шаруашылық жүргізу құқығы, Қазақстан Рес- публикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және мен-шік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 40, 41-тармақтарында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

40. Осы Жарғының 41 тармағында көзделген шаруашылық жүргізу құ- қығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы Кә-сіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алынып қо-йылған жағдайда тоқтатылады.

Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда, мыналар:

— шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызме- ті-нің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;

— артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мү- лікті алып қою жатқызылады.

41. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мүлікті алып қою туралы шеші- мінде мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюд-жет есебінен қаржыландырылатын атқарушы орган, облыстық ком-муналдық мүлікке бұйрық етуге өкілетті) Кәсіпорынға оны өзге тұлғаға бергенге дейін ұс-тауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.

42. Кәсіпорын жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен тиісті саланың Басқару органының ұсынымы бойынша филиалдар, өкілдіктер құруға құқылы.

43. Кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығында бекітілген негізгі заттар- ға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес бұйрық етеді.

44. Егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі немесе меншік иесі өзгеше белгіленбесе, осы Жарғының 43 тармағында көрсетiлген мүлiкпен жа-салған мәмiлелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.

7. Кәсіпорынның қызметін қаржыландыру

45. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есе-бінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

46. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін жергі- лікті атқарушы орган белгілейді.

Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бо-йынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен республикалық бюджетке аударылуы тиіс.

Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін республикалық бюджетке аудару-ды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгі-ленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

47. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады.

48. Кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы) өндiретін тауарлар- дың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары Кәсiпорынның олар-

ды өндiруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің залалсыз-дығын және өз табыстары есебiнен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиiс.

Бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстардың (көрсетілетін қызмет- тердің) көлемі шеңберінде өндiрілетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсе- тіле-тін қызметтердің) бағаларын тиісті саланың Басқару органымен келісім бо-йынша Кәсіпорын белгiлейдi.

49. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіп- орынның Жарғысында көзделмеген қызметтi жүзеге асырудан осы кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, саты-латын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) белгіленген ба-ғаларын көтеру нәтижесiнде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фак-тілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

8. Кәсіпорынның жарғылық капиталы

50. Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері 1 389 991 711 (бір миллиард үш жүз сексен тоғыр миллион тоғыз жүз тоқсан бір мың жеті жүз он-бір) теңге құрайды, бұл Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуі кезіне Құрылтай-шымен толық қалыптастырылды.

9. Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

51. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есепті- лі-гін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есепті-лік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің тиісті саланың Басқару органының келісімі бойынша халықаралық стандарттарына және қаржылық есептіліктің ұлттық стандарттарына сәйкес Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

52. Кәсіпорынның жылдық қар-жылық есеп беруі бухгалтерлік теңге-рім- ді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы есепті, өз капиталындағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

10. Кәсіпорынның жауапкершілігі

53. Шаруашылық жүргізу құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бо-йынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.

11. Еңбек ұжымымен өзара қатынас

54. Кәсіпорынның үкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қаты- нас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

55. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

12. Кәсiпорын қызметкерлерiне еңбекақы төлеу

56. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын Бас- қару органы белгілейді.

57. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақы- лар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесiн белгiленген еңбек- ке ақы төлеу қорының шегiнде Кәсiпорын дербес айқындайды.

58. Кәсiпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгал- терiнiң лауазымдық айлықақыларының мөлшерiн, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн тиісті саланың Басқару органы белгiлейдi.

13. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

59. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

60. Коммуналдық Кәсіпорынды қайта ұйымдастыруды және таратуды Басқару органы жүзеге асырады.

61. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін мемлекеттік мүлік жөніндегі жергілікті атқа-рушы орган қайта бөледі.

Несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған та-ратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

14. Жарғыға өзгерістер мен толық-тырулар енгізу тәртібі

63. Коммуналдық Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыру-ларды жергілікті атқарушы органдар енгізеді немесе оған жергілікті бюджеттен

қаржыландыратын, облыстық коммуналдық мүлкіне билік етуге өкілетті атқа-рушы органға өкілеттік беріледі.

Басшы __________________ (бас дәрігер) Г.К. Оспанова